22.07.2018, 20:09 4037

Тасқыннан зардап Шемонаиха тұрғындарына баспана берілді

Жалпы, биылғы көктем өӊір халқын біраз әуре-сарсаӊға салғаны белгілі. Аягөзде басталған табиғи апат ізін сала Семей, Глубокое, Шемонаиха, Зырян және Катон-Қарағай аудандарында жалғасты.

Өскемен. 22 шілде. Kazakhstan Today - Қиын кезеӊді артқа салған шемонаихалықтар енді қоныс тойын тойлап жатыр. Ақ түйеніӊ қарны жарылған мереке аудан орталығында өтті. Салтанатты шарада "Нұр Отан" партиясы ШҚОФ төрағасыныӊ бірінші орынбасары Инуарбек Мұхтарханов 12 отбасына баспана кілтін табыс етті. Айта кету керек, бұл күні халықтыӊ қуанышына ортақтасып, сыйлықтарымен Астанадан да арнайы қонақтар келді.

Жалпы, биылғы көктем өӊір халқын біраз әуре-сарсаӊға салғаны белгілі. Аягөзде басталған табиғи апат ізін сала Семей, Глубокое, Шемонаиха, Зырян және Катон-Қарағай аудандарында жалғасты. Шемонаиха ауданында небәрі 23 сағаттыӊ ішінде Уба өзенініӊ суы арнасынан 1,5 метрге дейін асып кетті. Сол 25 наурызда болған жағдайды есіне алған Людмила Дегтярева "бәрінен де үйіӊніӊ іргесі сөгілгенін көру қиын екен" деп бүгін жымия еске алады.

- Меніӊ үйім суға батып кетті. Іргетасы үш жерден жарылып кетті. Сол кездегі жағдайымды көрсеӊіздер ғой. Қаладан жиенім келген болатын. Қорыққанымыз соншалықты, біраз уақытқа дейін ес жинай алмадық. Бұрын тек теледидардан көретін жағдайдыӊ басыма келетінін ойламаған да едім, - дейді.

Салтанатты жиында жаӊа баспананыӊ кілтін алған Людмила өмірімніӊ жаӊа парағы осында басталады деген сенімде. Себебі, ағаштан соғылған төрт бөлмелі үйдіӊ бой көтерген жылы да жаӊа, жағдайы да бұрынғы баспанасынан едәуір жақсы.

- Қиын сәтте бізбен бірге болған халқыма, әсіресе, Елбасымызға, облыс басшылығына рахметімді айтқым келеді. Апат болған алғашқы күннен әр тұрғынныӊ жағдайын жеке-жеке біліп, үйді-үйді аралап, гуманитарлық көмекке дейін жеткізген "Нұр Отан" партиясына алғысымыз шексіз, - дейді жаӊа қонысына журналистерді шақырған Людмила Дегтярева.

Үйді аралап көрдік, расымен кеӊ, жарық. Жаӊа қожайын жеӊіл жөндеу жұмыстарын жүргізуге кірісіп кеткен. Есіктерін ауыстырып, ас үйіне сырлы кірпіш салып жатыр. Балалары да анасыныӊ қуанышына ортақ. Людмиланыӊ қызы "тіпті апат болған кезде мемлекеттен дәл мұндай көмек болады-ау деп күтпедік. Анамды жалғыз өзім жұбатамын деген сенімде едім" дейді, ағынан жарылып. Алайда, нәтиже көрсеткендей, мемлекеттік қызанадан бөлінген қаражаттыӊ есебінен баспанасы тұруға жарамсыз деп танылған отбасыларыныӊ әрбіріне қалаулары бойынша үй не пәтер сатып алынды.

12 отбасына табыс етілген пәтер кілтімен бірге бұл күні тасқыннан зардап шеккен көп балалы отбасыларына да жомарт жандар тарапынан көмек көсретілді. Атап айтқанда, "Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердіӊ жергілікті кәсіптік одағы" ҚБ төрағасы сонау Астанадан арнайы келіп, қорап-қорап тұрмыстық техникаларды тарту етті.

"Біздіӊ ұжым "Нұр Отан" партиясынан түскен үндеуге бір кісідей атсалысты. Таныстқан жоғары белсенділігініӊ арқасында барлығы 2 млн теӊге қаражат жинадық. Бүгін 18 тоӊазытқыш, 7 кір жуатын машина, 8 теледидар алып келдік", - дейді бірлестік төрағасы Қорғанбек Нұрпейісов.

Кәсіподақ тарапынан танытылған қамқорлыққа "Нұр Отан" партиясыныӊ облыстық филиалы да ілтипат көрсетіп, алғыс хатын жолдады. Айта кету керек, партияныӊ облыстық филиалы табиғи апат кезінде осы Шемонаиха ауданындағы жағдайды жеке бақылауға алған-ды. Қазіргі таӊда жөндеу жұмыстары жоғары қарқынмен жүріп жатыр.

-Ауданда жөндеу жұмыстары қызу жүріп жатыр. Тамыздыӊ аяғына дейін 126 үйдегі жөндеу толық аяқталады. Арнайы механизм жасалған. Құрылған қорда қаражат бар. Жұмыстыӊ барысы толық бақылауда болады. Аудандық әкімдіктіӊ алдына қойылған міндет бар. Ол филиал төрағасы, облыс әкімі Даниал Ахметовтіӊ тікелей бақылауында. Сондықтан тасқыннан зардап шеккен халықтыӊ қалыпты тұрмысын қайтару күн тәртібіндегі басты мәселе, - деді "Нұр Отан" партиясыныӊ ШҚОФ бірінші орынбасары Инуарбек Мұхтарханов.

Айта кету керек, биылғы көктемде су тасқынынан Шемонаиха ауданыныӊ бірнеше елді-мекені зардап шекті. 152 үйге су кіріп, оныӊ 13 тұруға жарамсыз деп танылды. Арнайы комиссиямен 134 үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылданды. Үкімет шешіміне сай, республикалық бюджеттен 168 млн тенге теӊге қаражат бөлінді. Сонымен қатар, облыстық "Парыз" қорынан 50 млн теӊге қарастырылған болатын.

"Нұр Отан" партиясыныӊ ШҚОФ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны