09.11.2007, 17:12 3752

Тауар өндірушілер мен экспорттаушылар одағының президенті ҚР Индустрия және сауда министрлігіне бизнеске қатысу үшін әлеуметтік бағдарламалардың тізімін құру жөнінде ұсыныс жасады

Тауар өндірушілер мен экспорттаушылар одағының президенті ҚР Индустрия және сауда министрлігіне бизнеске қатысу үшін әлеуметтік бағдарламалардың тізімін құру жөнінде ұсыныс жасады

Астана. 9 қараша. "Қазақстан Бүгін" - ҚР тауар өндірушілері мен экспорттаушылары одағы Николой Радостовецтің Қазақстан бизнесіне қатысушыларына әлеуметтік жобалардың тізімін жасау туралы ұсыныс жасады. Бұл туралы бүгін "Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі" атты халықаралық конференциясында айтылды деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Индустрия және сауда министрлігі әкімдіктермен бірлесе отырып, елде қаржыға зәру болып отырған, маңызды әлеуметтік жобалардың тізімін жасаса дейміз", - деді Н. Радостовец.

"Сонда кәсіпкерлер рейтингке қол жеткізіп, мемлекет тарапынан бағаланады. Қоғам алдында қаржыландырған жобалар бойынша мақтанмен есеп береді деп санайды ол. "Сонда біз мемлекеттің қажеттілігіне ақшаны аямайтынымызды айта аламыз. Өйткені, бұл өз кәсіпорынын құрамақшы болып отырған жеке шенеунікке емес, мемлекетке керек. Егер мұндай тізім жыл соңына қарай шығарылса, бізде біраз жақсы нәрсе жүйелі түрде дамитынына сенімдімін" деп толықтырды одақ президенті.

Сондай-ақ, Н. Радостовец әлеуметтік бағдарламаларға қаржылық көмек көрсететін кәсіпкерлерге жүктелетін салыққа бүгінгі 3% "стандарттық 5%" төлемі қосуды ұсынды. "АҚШ-та қайырымдылық көмекке 5% алынады, Қазақстанда да оны беске дейін ұлғайту керек"-деді ол.

ҚР индустрия және сауда министрлігі Ғалым Оразбақов, аймақтарда қайырымдылық көрсетуге күштеп мәжбүрлеу тәжірибесінен қол үзуді ұсынды. "Жыл аяғында біз үкіметке жасаған жұмыстарымыз туралы есеп береміз", - деді ол.

"Мұндай шараларды қаржыландыру бизнес өкілдеріне тікелей арналған ақпарат деп санау керек, себебі кәсіпорындарды тегін қызмет көрсетуге итермелемеу үшін мемлекетте қаржы жеткілікті, керісінше, оларға төлеуге мүмкіндік бар екенідігін

Ғ.Оразбақов атап кетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны