05.12.2016, 09:26 3724

"Тәуелсіз Қазақстан" пойызы Түлкібас бекетінде аялдады

Республикалық акцияда аудан бойынша медициналық, әлеуметтік, құқықтық көмек көрсету,сондай-ақ, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және т.б салалар бойынша қоғамдық қабылдаулар өткізіп, барлығы 120 адамға кеӊес берілді.

Шымкент. 5 желтоқсан. Kazakhstan Today - Ел Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына арналған республикалық акция аясында "Тәуелсіз Қазақстан" пойызы Оӊтүстіктіӊ шығыс қақпасы саналатын Түлкібас станциясына аялдады, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Құрамында министрліктердіӊ жетекші мамандары, сарапшылар, заӊгерлер, медицина қызметкерлері бар пойызды облыс әкімініӊ орынбасары Ұ.Сәдібеков бастаған аудан халқы ерекше ықыласпен қарсы алды.

Онда штаб жетекшісі жергілікті тұрғындарға сапардыӊ мақсатын түсіндіріп, жұртшылықты мерейлі мерекемен құттықтады.

Республикалық акцияда аудан бойынша медициналық, әлеуметтік, құқықтық көмек көрсету,сондай-ақ, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және т.б салалар бойынша қоғамдық қабылдаулар өткізіп, барлығы 120 адамға кеӊес берілді.

Пойыз делегаттарыныӊ қатысуымен ел Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына арналған "25 жылдыӊ белестері" атты дәріс өтті. Сонымен қатар, эномәдени орталықтары мен үкіметтік емес ұйымдарыныӊ қатысуымен кездесулер өткізіліп, онда тәуелсіздік жетістіктері жайлы айтылды.

Акция барысында халықаралық "Батыс Европа-Батыс Қытай" күре жол бойына қойылған қоғам және мемлекет қайраткері Т.Рысқұловтыӊ ескерткішіне делегаттардыӊ қатысуымен гүл шоқтарын қою рәсімі, Түлкібас аудандық Т.Рысқұлов атындағы тарихи-өлкетану мұражайыныӊ жұмысымен танысу іс-шарасы ұйымдастырылды.

Осы күні Түлкібас елдімекені емханасында 147 тұрғын жетекші дәрігерлердіӊ қабылдауында болса, "Тәуелсіз Қазақстан" пойызыныӊ штаб жетекшісі бірқатар азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады.

Тағылымы мол игі шарада аудан жастары "Меніӊ елім-Қазақстан" тақырыбында флэшмоб, аудан өнерпаздарыныӊ қатысуымен Тәуелсіздіктіӊ 25 жылдығына арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны