17.12.2018, 14:00 4866

Тәуелсіздік күні қарсаӊында, Индустрияландыру күніне арналған телекөпір кезінде "Алтын Сапа" және "Парыз" сыйлықтарымен марапаттау рәсімі өтті

"Алтын Сапа" және "Парыз" сыйлықтарымен марапаттау еліміздіӊ Тәуелсіздік күні қарсаӊында, Индустрияландыру күніне арналған телекөпір кезінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ қатысуымен болып өтті. Лайықты награданы Қазақстан Республикасыныӊ премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев табыс етті.

Астана. 17 желтоқсан. Kazakhstan Today - "ҚазТрансГаз" АҚ ұлттық операторыныӊ компаниялар тобына кіретін "Интергаз Орталық Азия" АҚ бизнестіӊ әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсында "Экологияға қосқан үлесі үшін" номинациясы бойынша гран-при сыйлығыныӊ иегері атанды.

"Алтын Сапа" және "Парыз" сыйлықтарымен марапаттау еліміздіӊ Тәуелсіздік күні қарсаӊында, Индустрияландыру күніне арналған телекөпір кезінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ қатысуымен болып өтті. Лайықты награданы Қазақстан Республикасыныӊ премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев табыс етті.

"Интергаз Орталық Азия" АҚ Қазақстан Республикасы газ тасымалдау жүйесініӊ ұлттық операторы болып табылады. Қоршаған ортаны қорғау, табиғатты қорғау бағдарламаларын іске асыру - компанияныӊ жұмысындағы ажырамас бөлігі, және оныӊ қорытындысы бойынша жыл сайын экологияға жағымсыз әсерлер азайтылуда.

Соӊғы бірнеше жыл ішінде "Интергаз Орталық Азия" АҚ атмосфераға түсетін ластаушы заттардыӊ және парниктік газдардыӊ шығарындыларын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік беретін жобаларды іске асырды.

Компания Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексініӊ талаптарына және қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқа да заӊнамалық және нормативтік актілерге сәйкес, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру бойынша жұмыстарды тұрақты түрде жүргізіп келеді. "Интергаз Орталық Азия" АҚ-да қоршаған ортаныӊ интеграцияланған менеджмент жүйесі жұмыс істейді, ИСО 14001 (МС ISO 14001:2004) халықаралық стандарттары енгізілген. Елдіӊ газ тасымалдау жүйесін дамытудыӊ негізгі мақсаттарыныӊ бірі "Оларды пайдалану кезінде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шараларды іске асыру" болып табылады.

"ҚазТрансГаз" АҚ - Қазақстанныӊ газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторы. "ҚазТрансГаз" АҚ компаниялар тобыныӊ құрамына газды және оныӊ өӊдеу өнімдерін өндіретін, тасымалдайтын және өткізетін кәсіпорындар мен ұйымдар кіреді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны