11.12.2017, 19:30 3906

Тәуелсіздік күні Нұрсұлтан Назарбаев даӊғылындағы 160 үй мен 33 заӊды ұйымдардыӊ көше тақталары ауыстырылады

Нұрсұлтан Назарбаев даӊғылындағы және Сағадат Нұрмағамбетов, Талғат Бигельдинов, Роза Бағланова атындағы көшелердіӊ тақталарын өзгерту 16 желтоқсанға жопарланды.

Алматы. 11 желтоқсан. Kazakhstan Today -Нұрсұлтан Назарбаев даӊғылындағы және Сағадат Нұрмағамбетов, Талғат Бигельдинов, Роза Бағланова атындағы көшелердіӊ тақталарын өзгерту 16 желтоқсанға жопарланды. Мұрат Иділханов, Вячеслав Банщиков, Владислав Ли сынды мәслихат депутаттары бизнестіӊ әлеуметтік жауапкершілігі аясында бірқатар көшелердіӊ аншлагтарын өзгерту туралы бастама көтерді.

"Мемлекет басшысыныӊ арқасында біз барлығымыз Қазақстанда бейбітшілік пен келісім жағдайында өмір сүрудеміз, болашаққа жоспарлар құрудамыз, әркімніӊ өз ісін ашуға, бизнесін жасауға барлық жағдайлар жасалған. Оныӊ үстіне, Нұрсұлтан Назарбаев даӊғылы - Алматыдағы басты көшелердіӊ бірі, сондықтан біз көше аншлагтарын жаӊарту жұмыстарына атсалыссақ дейміз", - деді мәслихат депутаты, бизнесмен, меценат Вячеслав Банщиков.

Сонымен, Тәуелсіздік күні Нұрсұлтан Назарбаев даӊғылындағы 160 үй мен 33 заӊды ұйымдардыӊ көше тақталары ауыстырылады. Сағадат Нұрмағамбетов атындағы көшедегі 115 тұрғын үй мен 11 заӊды ұйым тақталары өзгереді. Роза Бағланова атындағы көшедегі 136 тұрғын үйдіӊ тақтасы жаӊарады. Талғат Бигельдинов атындағы көшедегі 24 үйдіӊ тақтасы ауыстырылады.

"Атаулары өзгерген көше аншлагтары республикалық, облыстық, аудандық мәні бар қалалар, астана, поселкелер мен селолар және басқа да елді мекендер рәсімдеудіӊ бірыӊғай стандарты бойынша жүзеге асырылады", - деп түсіндірді Алматы қаласыныӊ Тілдерді дамыту басқармасы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны