25.07.2018, 23:24 3980

Тәуелсіздік жылдары ішінде Ақтөбе облысында 146 елдімекенніӊ ежелгі атаулары қайтарылды

Тәуелсіздік жылдары ішінде Ақтөбе облысында 146 елдімекенніӊ ежелгі атаулары қайтарылды. Республиканыӊ белгілі саясаткерлерініӊ, жергілікті белсенділердіӊ, өлкетанушылар мен тұрғындардыӊ қатысуымен "Туған жер" жобасы аясында Мәртөк, Қобда, Қарғалы және Ийтеке би аудандарында "Ономастика: ұлттық танымға бетбұрыс" тақырыбына іс-шаралар жүргізілуде.

Ақтөбе. 25 шілде. Kazakhstan Today -Тәуелсіздік жылдары ішінде Ақтөбе облысында 146 елдімекенніӊ ежелгі атаулары қайтарылды. Республиканыӊ белгілі саясаткерлерініӊ, жергілікті белсенділердіӊ, өлкетанушылар мен тұрғындардыӊ қатысуымен "Туған жер" жобасы аясында Мәртөк, Қобда, Қарғалы және Ийтеке би аудандарында "Ономастика: ұлттық танымға бетбұрыс" тақырыбына іс-шаралар жүргізілуде.

Бұл туралы Өӊірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясы барысында облыстық тілдерді дамыту басқармасыныӊ басшысы Гүлайым Төлебаева хабарлады.

"Жоба қазақ халқыныӊ мұрасын сақтау идеяларын талқылауды, ономастика саласындағы тіл саясатын түсіндіруді көздейді, сол сияқты, идеологиялық жағынан ескірген атауларға анықтамаға беруге мүмкіндік береді", - деп атап өтті спикер.

Гүлайым Төлебаеваныӊ айтуынша облыстыӊ топономиялық сөздігі жүргізілетін "Мекенжай тізілімі" ақпараттық жүйесінде облыстық маӊыздағы 1 қала, аудандық маӊыздағы 7 қала, 141 ауылдық округ, 393 елді-мекен, 2912 көше тіркелген. Осылайша, ауылдық округтер атауларыныӊ 95%, елді-мекендер атауларыныӊ 93 %, көшелердіӊ 91%-ы ұлттық сәйкестікке жауап береді. Ескірген атаулардыӊ үлестік салмағы 2-ден 4,5 %-ға дейін ауытқиды. Тәуелсіздіӊ жылдары 146 елді-мекенніӊ ежелгі атаулары қайтарылды, әсіресе, ұлттық дәстүрлі атаулар (Қарабұлақ, Көкпекті, Қаратоғай, Құмсай, Аққайын, Бөзтөбе, Ақжайық, Сарыбұлақ т.с.с.) саны артты.

Ақтөбе облысыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны