11.07.2016, 12:33 3965

Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда баланыӊ тууына орай төленетін жәрдемақы 7 есе көбейді

Илеуметтік қолдаудыӊ аталған түрі еліміздегі туу көрсеткішіне оӊ әсер етті. Атап айтқанда, жоғарыдағы жәрдемақы енгізілген уақыттан бері бүгінге дейін бала туу 60% артқан. Бұл ретте халықты аталған жәрдемақымен қамту көрсеткіщі 2,5 есеге ұлғайды.

Астана. 11 шілде. Kazakhstan Today - Соӊғы 11 жылда (2003-2015 жж.) баланыӊ тууына орай төленетін бір реттік жәрдемақы отбасындағы бала санына байланысты 7,8 есеге дейін ұлғайды (13 мыӊ 177 теӊгеден 103 мыӊ 758 теӊге дейін), деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Илеуметтік қолдаудыӊ аталған түрі еліміздегі туу көрсеткішіне оӊ әсер етті. Атап айтқанда, жоғарыдағы жәрдемақы енгізілген уақыттан бері бүгінге дейін бала туу 60% артқан. Бұл ретте халықты аталған жәрдемақымен қамту көрсеткіщі 2,5 есеге ұлғайды.

2006 жылдан бері Қазақстанда жұмыс істемейтін әйелдердіӊ бір жасқа дейінгі бала күтіміне төленетін жәрдемақы енгізілді. 2006 жыл мен 2015 жылдар аралығында аталған жәрдемақы көлемі 3,7 есеге ұлғайды (алғаш туған балаға - 3 мыӊ 90 теӊгеден 11 мыӊ 417 теӊгеге, екінші балаға - 3мыӊ 605 теӊгеден 13 мыӊ 498 теӊгеге, үшінші балаға 4 мыӊ 120 теӊгеден 15 мыӊ 559 теӊгеге дейін). Төртінші және одан кейін туған балаларға жәрдемақы 3,8 есеге, 4 мыӊ 635 теӊгеден 17 мыӊ 640 теӊгеге дейін артты.

2010-2015 жылдар аралығында мүгедек-баланы тәрбиелеп отырған тұлғаларға төленетін жәрдемақы 1,5 есеге, 14 мыӊ 952 теӊгеден 22 мыӊ 433 теӊгеге дейін өсті.

Сондай-ақ, қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларды (тұлғаларды) қолдау үшін мемлекет тарапынан отбасыныӊ әр мүшесіне мекенжайлық әлеуметтік жәрдемақы қарастырылған. 2002-2015 жылдар аралығында аталған жәрдемақыныӊ көлемі 2,7 есеге ұлғайды (с 816 теӊгеден 2 мыӊ 179 теӊгеге дейін).

Қазақстанда 1999 жылдан бастап ҰОС ардагерлері, мүгедектері мен оларға теӊестірілген тұлғалар, көпбалалы аналар мен отбасылар, барлық топтағы мүгедектер және т.б., барлығы азаматтардыӊ 20 санатына мемлекеттік арнайы жәрдемақы (МАЖ) төленіп келеді.

Соӊғы 17 жылда МАЖ көлемі 7 есеге, 926 теӊгеден 6 мыӊ 474 теӊгеге дейін артты.

Еске салайық, көрсетілген жәрдемақылардыӊ көлемі айлық есептік көрсеткіш (АЕК) негізінде жыл сайын индекстеліп отырады. 2016 жылы АЕК 2 мыӊ теӊге 121 теӊгені құрады.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны