14.10.2016, 10:53 3584

Тәуелсіздік жылдары Оӊтүстік Қазақстан облысында халық саны 1 млн адамға өсті

Мәселен, Тәуелсіздік алған 25 жылда облыс халыққыныӊ саны 1,8 млн-нан 2,8 млн-ға жетіп, 1 млн-ға өскен.

Шымкент. 14 қазан. Kazakhstan Today - Тәуелсіздік жылдары оӊтүстіктіӊ халық саны 1 млн-ға өсті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ОҚО әкімініӊ орынбасары Ұласбек Сәдібеков мәлім етті, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Оныӊ айтуынша, еліміз егемендік алған жылдардан бері Оӊтүстік Қазақстан облысы қарқынды дамып келе жатқан өӊірлердіӊ бірі. Мәселен, Тәуелсіздік алған 25 жылда облыс халыққыныӊ саны 1,8 млн-нан 2,8 млн-ға жетіп, 1 млн-ға өскен. Сонымен қатар, осы жылдар ішінде 1491 мектепке дейінгі ұйымдар мен 444 жаӊа мектеп пен 347 денсаулық сақтау нысандары салынды. Нәтижесінде 117 апатты білім ошағыныӊ мәселесі шешілді. Сондай-ақ, биыл 25 жылдық мерейтой аясында 25 білім ошағы ел игілігіне берілген. Брифингте спикер ширек ғасырда облыста 8,9 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 100 мыӊнан астам отбасы баспаналы болды. Тәуелсіздік жылдары жұмыссыздық деӊгейі 14,3 пайыздан 5,2 пайызға дейін төмендеп, жұмыспен қамтылған халықтыӊ саны 60%-дан астамға өскенін айтты.

Оӊтүстік Қазақстан облысында Қазақстан Республикасыныӊ 25 жылдығын тойлау мақсатында жыл көлемінде 5 мыӊға жуық іс-шаралар өткізілуде. Сонымен қатар, баспасөз жиынында 8 айда атқарылған жұмыстарға тоқталған Ұласбек Сәдібеков индустрияландыру картасы жобасымен өндірілген өнімніӊ құны 65,9 млрд.теӊгені құрап, жобалардыӊ 90 пайызынан астамы жоспарлы қуаттылығын игергенін жеткізді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны