20.05.2016, 10:06 5150

Тәуелсіздік жылдарында Астана медициналық университеті студенттерініӊ саны 36,4% есеге ұлғайды

"Астана медициналық университеті" АҚ (әрі қарай - АМУ) студенттерініӊ құрамы 1991-2016 жылдар аралығында 2893 адамнан 4552 адамға, яғни 36,4% есеге ұлғайды

Астана. 20 мамыр. Kazakhstan Today - "Астана медициналық университеті" АҚ (әрі қарай - АМУ) студенттерініӊ құрамы 1991-2016 жылдар аралығында 2893 адамнан 4552 адамға, яғни 36,4% есеге ұлғайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

1964 жылдыӊ қазан айында құрылған Ценлинград мемлекеттік медициналық университетінде (қазіргі АМУ) "Емдеу ісі" мамандығы бойынша факультетте небәрі 400 студент білім алған болатын.

Бүгінде АМУ еліміздегі қарқынды дамып келе жатқан ірі медициналық ЖОО бірі, ол жоғарғы медициналық білім беру, медициналық ғылымдарды дамыту мен емханалық қызмет салаларында жоғары беделге ие.

ЖОО-да үздіксіз білім берудіӊ толыққанды жүйесі жұмыс істейді. Оныӊ құрамына ЖОО дейінгі білім беру (5 пән бойынша дайындық курстары: Қазақстан тарихы, математика, биология, орыс тілі, қазақ тілі); бакалавриаттыӊ 6 мамандығы бойынша дипломға дейінгі білім беру; резидентураныӊ 26 мамандығы, магистратураныӊ 5 мамандығы, Рhd докторантураныӊ 3 мамандығы, сонымен қатар, қосымша кәсіби білім берудіӊ 56 мамандығы бойынша ЖОО-дан кейінгі білім беру шаралары кіреді.

АМУ факультеттерінде қазіргі таӊда 4552 студент, 1489 интерн, 300 резидент, 87 магистрант пен 59 докторант, оныӊ ішінде әлемніӊ 10 мемлекетінен келген (Ресей, Украина, Изербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменстан, Тәжікстан, Беларусь, Қытай, Моӊғолия) елдерінен келген 127 студент білім алуда.

2011 жылдан бастап университетте Болон процесі принциптерін енгізу аясында халықаралық академиялық ұшқырлық жетілдіріліп, нәтижесінде денсаулық сақтау, медициналық ғылым мен білім беру саласында отандық ЖОО мен шетелдік оқу ордалары арасында ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалды. Бұл И.М. Сеченов атындағы Мәскеу Мемлекеттік медициналық университеті, Новосібір мемлекеттік медициналық университеті, Тюмень мемлекеттік медициналық академиясы (Ресей); Запорож мемлекеттік медициналық университеті (Украина); "La Sapienza" Рим университеті (Италия); Вена медициналық университеті (Австрия); Познань медициналық ғылымдар университеті (Польша); Ұлттық биомедициналық инновациялық институт (Япония) және Мансур университетініӊ медицина факультеті (Египет).

ЖОО-да әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу және ерте кәсіби бағдарлау; ағылшын тілі мен арнаулы пәндерді тереӊдетіп оқыту бойынша эксперименталды топтарды құру сияқты оқытудыӊ жаӊа әдістемелік тәсілдері енгізілген. Дипломға еуропалық қосымша беріледі. 2012 жылдан бастап электронды оқыту жүйесі жетілдірілуде. Оқу орнында аталған саладағы соӊғы жетістіктер қолданылатын халықаралық қашықтықтан оқыту жүйесі (MOODLE) жұмыс істейді.

2013 жылы АМУ ұлттық институционалды аккредиттеу процедурасынан сәтті өтті. Сонымен қатар, "Саламатты Қазақстан" мембағдарламасыныӊ аясында "Стоматология", "Медициналық-профилактикалық іс", "Фармация", "Жалпы медицина", "Мейіргерлік іс" мамандықтары бойынша бакалаврдыӊ; магистратураныӊ "Медицина", "Медициналық профилактикалық іс" және "Қоғамдық денсаулық сақтау" мамандықтары бойынша; докторантураныӊ "Медицина" және "Қоғамдық денсаулық сақтау" мамандықтары бойынша оқыту бағдарламаларыныӊ ұлттық арнаулы аккредиттеуінен өтті. Сондай-ақ, ACQUIN (Германия) аккредиттеу агенттігінде ауруханалық басқару саласындағы МВА оқыту бағдарламасы және "Қоғамдық денсаулық сақтау" мамандығы бойынша оқыту бағдарламасы бойынша аккредиттеуден өтті.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны