08.08.2016, 10:07 3421

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда қатерлі ісік ауруларынан болатын өлім-жітім 33%-ға төмендеді

Бүгінгі таӊда медицина саласындағы қатерлі ісік ауруын емдеу, диагностикалау мен оныӊ профилактикасыныӊ заманауи тәсілдері пациенттіӊ толыққанды, әсіресе, аурудыӊ ерте кезеӊінде жазылып кетуін қамтамасыз етіп отыр. Қатерлі ісік ауруын алдын алу мен ерте диагностикалаудыӊ тиімді тәсілі - еӊ алдымен халықты профлактикалық медициналық тексеруден өткізу болып табылады.

Астана. 8 тамыз. Kazakhstan Today - Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда қатерлі ісік ауруларынан болатын өлім-жітім 33%-ға төмендеді (1991 жылғы 100 мыӊ тұрғынға шаққандағы 137,4 көрсеткішінен 2015 жылы 92-ге дейін), деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бүгінгі таӊда медицина саласындағы қатерлі ісік ауруын емдеу, диагностикалау мен оныӊ профилактикасыныӊ заманауи тәсілдері пациенттіӊ толыққанды, әсіресе, аурудыӊ ерте кезеӊінде жазылып кетуін қамтамасыз етіп отыр. Қатерлі ісік ауруын алдын алу мен ерте диагностикалаудыӊ тиімді тәсілі - еӊ алдымен халықты профлактикалық медициналық тексеруден өткізу болып табылады.

Қазіргі таӊда кезеӊ-кезеӊімен скринингтік бағдарламалар жатыр мойны, сүт бездері обырын, колоректальді обырды, асқазан мен өӊеш, бауыр, қуықалды без обырларын анықтау бойынша жүргізіледі.

Осы уақытқа дейін медициналық кадрлардыӊ біліктілігін арттыру мен оларды дайындауға зор көӊіл бөлініп келді. Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты (әрі қарай - ҚазОРҒЗИ) жалпы практика дәрігерлері, учаскелік терапевтер мен педиатрлар үшін онкологиялық қырағылықты күшейту мен қатерлі обыр ауруларын ерте диагностикалау бойынша семинарлар өткізіп келеді. "Онкология", оныӊ ішінде балалар онкологиясы, "сәулелік диагностика", "сәулелік терапия" мамандықтары бойынша резидентурада дайындау жүзеге асырылуда.

2011-2015 жж. "Саламатты Қазақстан" Мемлекеттік бағдарламасымен біріктірілген ҚР-дағы онкологиялық көмекті дамытудыӊ 2012-2016 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру аясында балалар онкологиясы мен гемотологиясы, клиникалық морфология мен онкоцитология, жоғары технологиялық сәулелік терапия, ядролық медицина, радиохирургия мен брахитерапия мамандары халықаралық үздік тәжірибені меӊгеру мақсатында шетелге оқуға жіберілген болатын. Бұл Ресей, Латвия, Беларусь, Германия, Франция, Түркия, Чехия, Үндістан, Моӊғолия, Хорватия, Словакия және т.б. сияқты елдер. Бірнеше рет шетелдік мамандар Қазақстанға да келген болатын.

Жоғарыда аталған бағдарламаныӊ аясында аймақтардағы сырқаттанған адамдарға көмек көрсететін онкологиялық диспансерлер мен денсаулық сақтау ұйымдары заманауи құрылғылармен жабдықталған (компьютерлік және магнитті-резонанстық томографтар, сандық маммографтар мен рентген аппараттары). Астана, Алматы, Ақтөбе, Семей қалаларында радиациялық онкология жоғары технологиялық орталықтарын жабдықтау үшін заманауи радиологиялық құрылғылар сатып алынды (сызықтық үдеткіштер, компьютерлік томографтар). Бұл сәулелік терапияны заманауи деӊгейде өткізуге мүмкіндік берді.

Заманауи технологияларды енгізу жалғасып келеді. Өкпе, асқазан, өӊеш пен колоректальді обырмен сырқаттанған пациенттерге жоғары мамандандырылған төменгі инвазивті эндоскопиялық хирургиялық көмек көрсетіледі.

Жыл сайын стационарлық және амбулаторлық деӊгейде дәрілермен қамтамасыз ету шығындарын өтеу онкологиялық аурулармен сырқаттанған адамдарды мамандандырылған емдеумен қамсыздандыру деӊгейін ұлғайтуға мүмкіндік берді.

Стационарды алмастыру технологияларды дамыту жоспарлы түрде жүзеге асырылып келеді.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны