20.04.2016, 11:16 3565

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда туберкулезбен сырқаттану 9%-ға, оныӊ салдарынан туындайтын өлім-жітім - 66%-ға төмендеді

Қазақстанда тәуелсіздік жылдарында туберкулезбен сырқаттану 100 мыӊ тұрғынға шаққанда 1991 жылы 64,4-тен 2015 жылғы 58,5-ке, яғни 9%-ға, ал оныӊ салдарынан туындайтын өлім-жітім 100 мыӊ тұрғынға шаққанда 10,6-дан 4,1-ге сәйкесінше төмендеді

Астана. 20 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстанда тәуелсіздік жылдарында туберкулезбен сырқаттану 100 мыӊ тұрғынға шаққанда 1991 жылы 64,4-тен 2015 жылғы 58,5-ке, яғни 9%-ға, ал оныӊ салдарынан туындайтын өлім-жітім 100 мыӊ тұрғынға шаққанда 10,6-дан 4,1-ге сәйкесінше төмендеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Республикада тәуелсіздіктіӊ алғашқы жылдарында туберкулездіӊ негізгі эпидемиологиялық көрсеткіші бойынша 2002 жылғы еӊ жоғарғы көрсеткішпен (100 мыӊ тұрғынға шаққанда сырқаттану көрсеткіші - 165,1, аурудан болған өлім - 24,2) жағымсыз динамика анықталған болатын. 2003 жылдан бүгінгі күнге дейін жыл сайын аталған көрсеткіштіӊ тұрақты түрде төмендеуі байқалады (сырқаттану - 3 есе, өлім - 6 есе).

Қазіргі таӊда елімізде 2014-2020 жылдарға арналған туберкулезбен күресудіӊ кешенді жоспары жүзеге асырылып келеді. Аймақтардағы барлық медициналық ұйымдар ауруларды, оныӊ ішінде дәрілік тұрақты формаларын диагностикалаудыӊ заманауи құрылғыларымен қамтамасыз етілген. Туберкулезге қарсы препараттардыӊ көлемі де жеткілікті.

2015 жылы сезімтал туберкулезбен алғаш рет сырқаттанған адамдарды емдеу тиімділігі жақсарып, 2014 жылғы 86,4%-на қарағанда 87,6%-ды құрады (ДДСҰ стандарты - 85%).

2015 жылдыӊ қорытындысы бойынша туберкулездіӊ көп дәріге төзімді формасына шалдыққан науқастарды (әрі қарай - КДТ ТБ) азаматтық секторда екінші қатардағы дәрілермен қамту 99,4%-ды құрады, пенитенциарлық секторда - 98% (ДДСҰ стандарты - 85%) болды.

2012 жылы тіркелген КДТ ТБ сырқаттанған адамдарды емдеу тиімділігі 75,1%-ды құрады. ДДСҰ бағалауы бойынша, бұл көрсеткіш барлық Еуропалық Одақ елдері арасында жоғары болып отыр.

Жыл сайын аймақтардағы жергілікті атқарушы органдар амбулаторлық жағдайда ем қабылдайтын туберкулезбен сырқаттанған адамдарға көрсетілетін әлеуметтік көмекті қаржыландыруды ұлғайтып отыр. Мәселен, 2015 жылы әлеуметтік қолдауға 714 млн. 97,2 мыӊ теӊге бөлінді. Ал 2014 жылы бұл сома 553 млн. 600,8 мыӊ теӊгені құраған болатын.

Айта кету керек, Қазақстандағы туберкулезбен тиімді күресу жалпымемлекеттік сипатта сондай-ақ, мемлекеттіӊ әлеуметтік саясатындағы маӊызды әрі басым бағыттарыныӊ бірі болып қала бермек.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны