13.06.2016, 11:32 4304

Тәуелсіздік жылдарында қызамық індетін жұқтырғандар саны 879 есе азайды

"Кеӊ көлемді вакцинациялау нәтижесінде соӊғы 25 жылда республикада қызамықпен сырқаттану деӊгейі 879,6-дан астам есеге азайды. 1991 жылы қызамықты 17593 адам жұқтырса (сырқаттану көрсеткіші 100 мыӊ тұрғынға шаққанда 104,68 жағдай), 2015 жылы 2 жағдай тіркелген (сырқаттану көрсеткіші 100 мыӊ тұрғынға шаққанда 0,01 жағдай)"

Астана. 13 маусым. Kazakhstan Today - Елімізде тәуелсіздік жылдарында қызамықпен ауырғандар саны 879 еседен астам азайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Кеӊ көлемді вакцинациялау нәтижесінде соӊғы 25 жылда республикада қызамықпен сырқаттану деӊгейі 879,6-дан астам есеге азайды. 1991 жылы қызамықты 17593 адам жұқтырса (сырқаттану көрсеткіші 100 мыӊ тұрғынға шаққанда 104,68 жағдай), 2015 жылы 2 жағдай тіркелген (сырқаттану көрсеткіші 100 мыӊ тұрғынға шаққанда 0,01 жағдай)", - деп аталып өткен ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Қызамық - ауру адамнан ауа-тамшылы жолмен жұғатын респираторлық вирусты жіті инфекция. Жүкті әйелдер үшін қызамық ауруы өте қауіпті. Себебі, құрсақтағы нәресте 85%-ға дейін ауыр зақымдануы мүмкін.

Вакцинациялау қызамықтыӊ алдын алатын бірден-бір тәсіл екенін атап айту керек. Қазақстанда халықты аталған ауруға қарсы иммунизациялау екі мәрте жүргізіледі: 12 мен 15 ай аралығындағы жаста және 6 жаста.

Вакциналаудан бас тарту індетке бейім адамдардыӊ санын арттырып, ауру ошағыныӊ пайда болуына себепкер болуы мүмкін.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны