28.05.2015, 15:13 3738

Тәуелсіздіктіӊ 24 жылы ішінде 1 млн. жуық этникалық қазақ тарихи Отанына оралды

1991 жылдан бері 259 539 отбасы немесе 953 908 этникалық қазақ тарихи Отанына оралып, оралман мәртебесін алды. Бұл елдегі тұрғындардыӊ жалпы саныныӊ 5,5% құрайды

Астана. 28 Мамыр. Kazakhstan Today - 1991 жылдан бері 259 539 отбасы немесе 953 908 этникалық қазақ тарихи Отанына оралып, оралман мәртебесін алды. Бұл елдегі тұрғындардыӊ жалпы саныныӊ 5,5% құрайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Оралмандардыӊ көпшілігі - 61,5% Өзбекстаннан, 14,3% - Қытайдан, 9,3% - Моӊғолиядан, 6,8% - Түркіменстаннан, 4,6% - Ресейден, 3,5% - өзге елдерден келгендер.

Оралмандардыӊ көпшілігі - 21,2% Оӊтүстік Қазақстан облысына, 16,3% - Алматы облысына, 13% - Маӊғыстау облысына, 9,4% - Жамбыл облысына, 40,1% - өзге өӊірлерге орналасты.

Елге келгендердіӊ жалпы саныныӊ 55,6% - еӊбекке қабілетті жастағы тұлғалар, 39,9 % - 18 жасқа дейінгі балалар, 4,5 % - зейнеткерлер құрайды.

Еӊбекке қабілетті жастағы оралмандардыӊ көпшілігі (60,8%) жалпы орта білім, 20,5% - арнаулы орта білім, 8,7% - жоғары білім алса, білімі жоқ оралмандар саны - 9,9%.

2015 жылғы 1 тоқсанда елімізге 380 отбасы немесе 1026 этникалық қазақ келіп, оралман мәртебесіне ие болды.

Жаӊадан келгендердіӊ көпшілігі Қостанай облысына (233 адам), Жамбыл облысына (199 адам), Оӊтүстік Қазақстан облысына (124 адам), Маӊғыстау облысына (159 адам), Ақмола облысына (68 адам), Қарағанды облысына (54 адам) және өзге де өӊірлерге орналасты.

Еске сала кетейік, ҚР Үкіметініӊ 2014 жылғы 8 шілдедегі № 783 Қаулысына сәйкес оралмандарды орналастыратын өӊірлер анықталды, ол тізімге Астана және Алматы қалалары кірмейді.

Оралман мәртебесін алғандар "Халықтыӊ көші-қоны туралы" ҚР Заӊында қарастырылған барлық әлеуметтік жеӊілдіктерді пайдалана алады.

Бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін көрсету үшін Ақтау, Қарағанды және Шымкент қалаларында, сондай-ақ, Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Ақсукент ауылында оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтары қызмет етеді. Орталықтарда іске асырылатын бейімдеу бағдарламалары құқықтық мәселелер бойынша кеӊес беру, мемлекеттік тілді және қалауларына қарай орыс тілін оқыту, кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру сияқты қызметтер көрсетеді.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны