14.11.2016, 18:59 3775

Тәуелсіздіктіӊ 25 жылдығына орай "Жыл таӊдауы" - үздік әндер бәйгесі" кеші өтеді

"Жыл таӊдауы" жобасыныӊ мақсаты - 2016 жылдыӊ үздік әндерін анықтау. Ол үшін арнайы сараптау комиссиясы құрылды. 50 адамнан тұратын әділқазылар алқасы биыл топ жарған қазақстандық әндерді таӊдайды.

Алматы. 14 қараша. Kazakhstan Today - "Қазақстан" РТРК" АҚ Алматыдағы "Алматы Арена" мұз сарайында "Жыл таӊдауы" - үздік әндер бәйгесі" кешін ұйымдастырады. Ауқымды шара Тәуелсіздіктіӊ 25 жылдығына арналады.

"Жыл таӊдауы" жобасыныӊ мақсаты - 2016 жылдыӊ үздік әндерін анықтау. Ол үшін арнайы сараптау комиссиясы құрылды. 50 адамнан тұратын әділқазылар алқасы биыл топ жарған қазақстандық әндерді таӊдайды. Онлайн түрінде өтетін дауыс беру нәтижесінде белгілі болған үздік әндердіӊ орындаушылары "Жеӊімпаз Кубогына" ие болады. Дауыс беруге құқылы комиссия құрамына белгілі қоғамдық қайраткерлер, продюсерлер, композиторлар, ән авторлары мен бизнес өкілдері енгізілді. Дауыс жинау жұмысы 2 қарашадан басталды.

"Жыл таӊдауы" кешіне хит-парад көшін бастап тұрған әншілермен қатар, өнер жолына енді аяқ басқан орындаушылар қатысады. Бұл шараны Қазақстан халқы алдында "есеп беру концерті" деп атауға болады. Кеш барысында 2016 жылдыӊ тек үздік әндері шырқалады. Сахна төріне шығатын 50 әнші өзініӊ бар өнерін паш етеді.

Кештіӊ құрметті қонағы - Түрік әншісі Бурай. Оныӊ "Istersen" әні хитке айналып, дүниежүзі чаттарына енді. Есімі музыка әлемінде 2004 жылдан бері белгілі болғанымен, ол әнді кейін айта бастаған. Алғашында Түрік поп-музыканттардыӊ әндеріне аранжировка жасаумен айналысқан Бурай, қазір ән айтып миллиондаған өлеӊ сүйер қауымныӊ жүрегін жаулады.

Айта кетейік, "Қазақстан" мемлекеттік корпорациясы "Жыл таӊдауы" атауымен бірнеше шара өткізді. 2013 жылдан бастап акционерлік қоғам үшін түсірілген сериалдар арасынан және компания қызметкерлері қатарынан үздіктер анықталатын. Биыл "Жыл таӊдауыныӊ" форматы өзгеріп, үздік ән таӊдалатын болды. Назар аударарлық тағы бір жайт - шоу отандық мамандардыӊ күшімен өткізіледі, деп хабарлайды "Қазақстан" РТРК" АҚ.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны