19.04.2016, 11:13 3883

Тәуелсіздіӊ жылдарында Б.О. Жарбосынов атындағы урология ғылыми орталығында уроандрологиялық аурумен сырқаттанған 113 мыӊнан астам пациент емделді

Б.О. Жарбосынов атындағы урология ұлттық ғылыми орталығы клиникасында (әрі қарай - орталық) 1991-2015 жылдар аралығында уроандрологиялық аурумен сырқаттанған 113856 адам емделді, оныӊ ішінде 79181 (69,5%) пациентке ота жасалып, консервативті емді 34675 адам алды.

Астана. 19 сәуір. Kazakhstan Today - Б.О. Жарбосынов атындағы урология ұлттық ғылыми орталығы клиникасында (әрі қарай - орталық) 1991-2015 жылдар аралығында уроандрологиялық аурумен сырқаттанған 113856 адам емделді, оныӊ ішінде 79181 (69,5%) пациентке ота жасалып, консервативті емді 34675 адам алды. Жоғары мамандандырылған медициналық көмек (әрі қарай - ЖММК) 47725 азаматқа, ал мамандандырылған медициналық көмек - 31456 пациентке көрсетілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Егер тәуелсіздіктіӊ алғашқы жылдарында 6320 адам емделсе, 2015 жылы бұл көрсеткіш 4890-ды құрады. Сонымен бірге, 1991 жылы келіп түскен пациенттердіӊ тек 50%-ына ғана ота жасалса, 2015 жылы аталған көрсеткіш 97,1 % болды. Орталықта күндізгі стационар, амбулаторлық-емханалық көмек, амбулаторлық хирургия сияқты стационарды алмастыратын технологиялар белсенді түрде енгізілуде. Көрсетілетін медициналық көмектіӊ сапасы айтарлықтай жақсарды. Оған дәлел - отадан кейінгі асқынулар мен өлім-жітім көрсеткішініӊ төмендеуі. Қазіргі таӊда отадан кейінгі уроандрологиялық патологиясы бар пациенттерді ерте оӊалту тәсілдерін жасау мен енгізу бойынша іс-шаралар атқарылуда.

Соӊғы жылдары орталық несеп-жыныстық жүйесі органдарыныӊ ауруларын диагностикалау мен емдеу, оны клиникалық тәжірибеге енгізу бойынша инновациялық технологияларды, сонымен қатар, ЖММК тізімін республикалық деӊгейде енгізуде.

Сондай-ақ, шеберлік сыныптарын өткізу, мамандарды қайта даярлау мен біліктілігін арттыру кезінде оларды оқыту және өткізілетін конференциялар, пленумдар, съездер мен телеконференцияларға мамандарды қатыстыру арқылы аймақтарға жоғары технологияларды жеткізу жүзеге асырылып отыр.

Жыл сайын орталық базасында еліміздіӊ барлық аймақтарындағы уролог мамандар үшін тегін оқыту шаралары жүргізіледі. Бұл оларға уроандрологиялық патологиясы бар пациенттерді диагностикалау мен емдеуде инновациялық және аз инвазивті тәсілдерді қолдануды меӊгеруге мүмкіндік береді.

Орталық урологтар, эндокринологтар, психологтар, кардиологтар, сексопатологтар және тағы басқа дәрігерлердіӊ қатысуымен ер адамдардыӊ денсаулығын дисциплинааралық емдеуге негізделген "Ер адамдардыӊ денсаулығы" атты бағдарлама жасалып, іске асырылуда. Бұл шара ер адамдардыӊ денсаулығын сақтау, емдеу, алдын алу бойынша жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік берді. 10 жылдыӊ ішінде бағдарлама аясында Қазақстан ерлерініӊ 2 ірі көлемдегі скринингтік зерттеулері жүргізілді. 2016-2019 жылдарға арналған ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудыӊ "Денсаулық" мембағдарламасына 4 скринингтік зерттеу енгізілген.

25 жылдыӊ ішінде орталықты қаржыландырудыӊ жалпы көлемі 26 есеге ұлғайды. Тегін медициналық көмектіӊ кепілдік берілген көлемі аясындағы қаржыландыру 1991-2015 жылдар аралығында 20 есеге өсті. 1994 жылдан бастап ақылы қызмет көрсету 116 есеге ұлғайды. Бүгінгі таӊда орталықта ақылы негізде урологиялық аурулармен сырқаттанған Қазақстан және алыс-жақын шетел азаматтарына медициналық көмектіӊ барлық түрі көрсетіледі. Бұл заманауи медициналық жабдықтарды алу, көрсетілетін қызметтердіӊ ақылы пациенттер үшін стационарда емделу шарттарыныӊ сапасын арттыру арқылы іске асырылып келеді.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны