08.10.2015, 10:33 4126

Тәулікте тәркіленген аудыӊ жалпы ұзындығы 15100 м.

Шекарашылар өткен тәулікте Каспии теӊізінен бекіре тұқымдас балықтарға жайылған, жалпы ұзындығы 15 километр 100 метр ау тәркіледі

Астана. 08 Қазан. Kazakhstan Today - Шекарашылар өткен тәулікте Каспии теӊізінен бекіре тұқымдас балықтарға жайылған, жалпы ұзындығы 15 километр 100 метр ау тәркіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметініӊ "Жағалау күзеті" өӊірлік басқармасына қарасты "Егемен"-510 шекара катерімен теӊізге шыққан шекарашылар үстіміздегі жылдыӊ 7 қазанында, кешкі бестер шамасында 10- шы шолғыншылар тұрағыныӊ маӊында, 2-ші шаршыда екі дана "Ямаха -200" ілмелі қозғалтқыштары бар "Касатка" типтес шағын қайыққа мінген төрт Қазақстан Республикасыныӊ азаматын ұстады. Қайықты тексеру барысында 400 метр ау табылды.

Теӊізді әрі қарай шолуын жалғастырған "Егемен" - 510 тағы екі сағаттан кейін 46?25? солтүстік ендік пен 51?33? шығыс бойлық координаталарында "Ямаха-200" қозғалтқышты тағы бір "Касатканы" қолға түсірді. Ішінде үш қазақстандық. Бұл қайықтан тәркіленген аудыӊ ұзындығы 720 м.

Тағы да 40 минуттан кейін 46?33?солтүстік ендік пен 51?30? шығыс бойлық координаталарында дәл жоғарыдағыдай тағы бір қайыққа мінген үш қазақстандық ұсталды. Бұлар өздерімен бірге мол бензин, қосалқы аккумулятор және 1080 м. ау алып шығыпты.

Тағы да жарты сағаттыӊ ішінде төрт қазақстандық мінген тағы бір "Касатка" ұсталып, одан 1200 м. ау табылды.

Шолу әрі қарай жалғаса берді. Тоқетерін айтқанда "Егемен" - 510 шекара катері бұл тәулікте бекіре тұқымдас балықтарға 15100 м. аудан төнген нәубеттіӊ бетін қайтарды.

Аталған өӊірлік басқармаға қарасты Атырау шекара отрядыныӊ "Форт - Шевченко" шекара заставасынан жасақталған шекара наряды заставадан 15 км қашықтықта лақтырып кеткен 30 дана бекіре тұқымдас балықтарды тауып, балық зауытына өткізді.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны