Система Orphus

Таза Қазақстан: Экология министрлігінің жедел желі жұмысының соңғы аптасында бейберекетсіз қоқыстарға 623 шағым келіп түсті

11.08.2020 4861

Алматы. 11 тамыз. Kazakhstan Today - Таза Қазақстан: Экология министрлігінің жедел желі жұмысының соңғы аптасында бейберекетсіз қоқыстарға 623 шағым келіп түсті.

Бейберекетсіз қоқыс туралы хабарлардың көпшілігі Алматы (90), Шығыс Қазақстан (62) және Қарағанды облыстарынан (48), сондай-ақ Алматы қаласынан (47) келіп түсті. Ақмола (42) мен Ақтөбе облысы (30) азаматтардан түскен өтініштер саны бойынша көшбасшылар "бестігіне" кірді.

623 шағымның 469-ы бейберекетсіз үйінділерге, 154-і - толып кеткен контейнерлерге қатысты.

Бір апта ішінде әкімдікпен бірге полигондардың жартысынан көбі немесе 347 үйінді жойылды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Жалпы Экология министрлігі тұрғындар тарапынан шағымдар артқанын байқауда. Бұл азаматтық позицияның өскенін білдіреді. Оның үстіне, жедел желі жұмысының тиімділігі кейінгі екі аптада айқын байқалады.

Шағым түскеннен кейін ақпарат дереу жергілікті экология департаменттеріне, ҚР ІІМ қызметі мен әкімдіктерге жіберіледі. Мамандар жедел тексеру орнына барып, шара қолданады, кінәлілер жазаланып, соның ішінде айыппұл өндіріліп алынады.

Еске салсақ, Экология министрлігінің жедел желі нөмірі: +7 (775) 952-49-00. Ватсаптағы осы нөмір арқылы кез-келген қазақстандық өз қаласындағы немесе ауылындағы бейберекетсіз коқыс туралы ақпаратты, оны растайтын фотосурет пен бейнетүсірілімді жібере алады.

Экология министрлігі елдегі барлық халыққа бұл мәселеге бей-жай қарамауын өтінеді. Бейберекетсіз үйінділерге куә бола қалса, жедел желіге дереу хабарлауын, заңбұзушыларға сол жерде ескерту жасап, полиция шақыру керектігін еске салады.

Осы бағыттағы жұмыс тек бірлесіп атқарған уақытта ғана ретке келеді, деп атап өтеді ҚР ЭГТРМ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны