04.06.2008, 22:25 2587

Тәжік құтқарушылары ғалымдар тобының өзенге құлаған көлігін іздестіру жұмыстарын жүргізуде

Тәжік құтқарушылары ғалымдар тобының өзенге құлаған көлігін іздестіру жұмыстарын жүргізуде

Алматы. 4 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Тәжікстанның солтүстігінде Қуаңдария өзеніне құлап түскен Hyundai автокөлігін іздестіру жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "CA-News" ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

CA-News-ке Соғды облысының ішкі істер басқармасынан хабарлағандай, қайғылы оқиға Душанбе - Ходжент тас жолының 138 шақырымында Зеравшан алқабында болған. көлік жүргізушісі көлігін басқара алмағандытан автокөлік жолдан шығып, Қуаңдария өзеніне құлап түскен.

"Көлікте болған жолаушылар (3 адам - агенттік ескертпесі) құтқарылған. Зардап шеккендер Айни орталық ауруханасына жатқызылған. Құтқару жұмыстары жалғасуда", - деп хабарлады ІІБ.

Жүргізуші мен зардап шеккендер Пенджикент ауданындағы Абуабдулло Рудаки деген жерде зерттеу жұмыстарын жүргізіп жүрген ғалымдар тобынан болып шықты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны