31.03.2008, 19:24 6616

Тәжікстан осы жылдың алғашқы екі айында 10 млн доллардың көмегін алды

Тәжікстан осы жылдың алғашқы екі айында 10 млн доллардың көмегін алды

Душанбе. 31 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Тәжікстан осы жылдың алғашқы екі айында 10 млн доллардың көмегін алды, деп хабарлайды агенттік "Азия-Плюс" Ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Тәжікстан Республикасының мемлекеттік статистика жөніндегі комитетінің ақпаратына сәйкес, республика осы жылдың қаңтар-ақпан айларында жалпы құны 5 млн 877 мың АҚШ долларын құрайтын 2 мың 425 тонна ұн, 194 тонна өсімдік майы, дәрілік заттар мен медикаменттер, 196 мың доллардың киімдері мен аяқ киімдерін, сондай-ақ, азық-түлік өнімдері мен төсек жабдықтарын, көлік құралдары мен компьютерлер алды.

Тәжікстан Республикасының мемлекеттік статистика жөніндегі комитетінің ақпаратына сәйкес, 25 донор елдердің арасында гуманитарлық көмектің құны бойынша үлес салмақ мынадай : АҚШ - 64,7%, Біріккен Араб Имірліктері- 1,9%, Үндістан - 1,5%, Дания - 1,2%, Латвия - 1,1%, Финляндия - 0,9%, Люксембург және Түркия - әрқайсысы 0,6 %-дан, Нидерланды мен Германия - әрқайсысы 0,5%. ТМД елдерінен Ресейдің үлесі - 15,7%, Қазақстан - 6,7%, Қырғызстан - 1,4%, Түрікменстан - 0,7% құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны