26.03.2007, 15:32 3480

Тәжікстан президенті өзінің аты-жөнін жазу түрін өзгертті

ДУШАНБЕ. 26-наурыз. Kazakhstan Today. Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонов өзінің аты-жөнін Эмомали Рахмон деп жазуға пәрмен берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Ел зиялыларымен дәстүрлі кездесуде мемлекет басшысы берген түсініктемеге сәйкес ендігі жерде оның аты-жөні "ұлттық мәдени дәстүрлерге сәйкестендіріледі".

Сонымен бірге Тәжікстан президенті тәжік мемлекеттік педагогикалық университетіне Садриддин Айнидің, ел астанасындағы орталық саябаққа Абуабдулло Рудакидің, Тәжік мемлекеттік филармониясына Акашариф Джураевтың есімін беруді ұсынды.

Бұған қоса Э.Рахмон жаңа тәжік ұлттық энциклопедиясын, тәжік тілінің жаңа түсіндірме сөздігін шығарып, тәжік тілінің біртұтас компьютерлік бағдарламасын жасауды, "Идебиет жұлдыздары" деген атпен тәжік әдебиетінің классиктерінің туындыларын басып шығаруды тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны