04.09.2007, 15:27 2885

Тәжікстан президентінің қызы Сыртқы істер министрлігінің консулдық басқармасын басқарады

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның қызы - Озода Рахмонова елдің Сыртқы істер министрлігінің консулдық басқармасын басқарады.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 4 қыркүйек. ДУШАНБЕ. Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның қызы - Озода Рахмонова елдің Сыртқы істер министрлігінің консулдық басқармасын басқарады, деп хабарлады "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісіне Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің консулдық басқармасынан.

"Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің консулдық басқармасының жаңа бастығы болып Озода Рахмонова тағайындалды",- деп хабарлады ақпарат көзі.

Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің консулдық басқармасының бұрынғы басшысы Бахром Холназаров мемлекет басшысының 21-тамыздағы жарлығымен Тәжікстанның Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны