26.06.2008, 10:19 1170

Тәжікстан Ресейдің алдындағы қарызының есебіне ғарыш нысандарын анықтайтын "Нурек" электронды торабын береді

Тәжікстан Ресейдің алдындағы қарызының есебіне ғарыш нысандарын анықтайтын "Нурек" электронды торабын береді

Душанбе. 26 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Тәжікстан Ресейдің алдындағы қарызының есебіне ғарыш нысандарын анықтайтын және оларды танитын "Нурек" оптикалық-электронды торабын береді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Азия-Плюс" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Сәрсенбі күні Ресейдің Мемлекеттік думасы Ресей Федерациясы мен Тәжікстан Республикасының арасындағы ТР-ның РФ алдындағы мемлекеттік несие бойынша қарызын реттеу туралы Келісімді және "Нурек" оптикалық-электрондық торабын Ресейдің меншігіне беру және қарыздың қалған бөлігін Тәжікстан аумағындағы бірінші Сангтуда су электр станциясына Ресейдің есебіне инвестиция салу жолымен ТР-ның РФ алдындағы қарызын мерзімінен бұрын жабу туралы жоғарыдағы келісімге қосымшаны бекітті.

Ратификацияға 320 депутат жақтап дауыс берді. Ал 12-сі қарсы болды. екеуі қалыс қалған.

Келісімді ратификациялауға РФ қаржы министрінің орынбасары Дмитрий Панкин ұсынды. ол қарыздың есебіне қазір 35 млн АҚШ доллары аударылғанын және қалған 15 млн АҚШ доллары биылғы жылы аударылатынын хабарлады. "Нурек" торабының құны 242 млн АҚШ долларына бағаланып отыр. Д. Панкин Ресейдің стратегиялық маңызды нысанды алып отырғанын, ал қарыздың із жүзінде жабылатын көлемі бар-жоғы 1 млн АҚШ долларын құрайтынын хабарлады.

ТМД істері жөніндегі комитет төрағасы Алексей Островский 2002 жылдың 1 қаңтарындағы қарыз $323,15 млн долларды құрағанын хабарлады. Бұл қиын кезеңдерді басынан өткеріп отырған Тәжікстан үшін мойынына артылған ауыр жүк болары сөзсіз. Ал "Нурек" торабы болса, әскери мақсаттарға пайдаланылатын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны