07.05.2008, 18:03 3070

Тәжікстан Республикасының энергетика және тау-кен өнеркәсібіне Ресей инвесторларының қызығушылықтары артып келеді

Тәжікстан Республикасының энергетика және тау-кен өнеркәсібіне Ресей инвесторларының қызығушылықтары артып келеді

Душанбе. 7 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Тәжікстан Республикасының энергетика және тау-кен өнеркәсібіне Ресей инвесторларының қызығушылықтары артып келеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Азия-Плюс" ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Тәжік-Ресей қатынастарының бүгінгі жағдайы мен перспективасы кеше Тәжікстан Республикасының президенті Эмомали Рахмонның Ресей Федерациясының Тәжікстандағы төтенше және өкілетті елшісі Рамазан Абдулатиповпен кездесуі барысында талқыланды.

Кездесу барысында әңгімелесушілер екі ел арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және кеңейтуге дайын екендіктерін кезекті рет дәлелдеді.

Сонымен бірге, Тәжікстан Республикасы президентінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, сауда-экономикалық ынтымақтастықтың өсуіне қанағаттанатындарын білдірген тараптар биылғы жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 1 млрд АҚШ долларынан асуы тиіс екенін атап көрсетті.

Р. Абдулатипов бүгінгі таңда Тәжікстан экономикасының энергетика, тау-кен өнеркәсібі және басқа да басымдыққа ие салаларына Ресей инвесторларының қызығушылығы артып отырғаны жайында Э. Рахмонды құлағдар етті. Ол сондай-ақ, Ресей Тәжікстан Республикасының аумағында Ресейдің бірқатар беделді жоғары оқу орындарының бөлімшелерін ашу туралы Тәжікстан президентінің ұсынысын жүзеге асыруға кірісетінін атап көрсетті.

Сонымен қатар, өзара екі елдің мәдени орталықтарын ашу жөніндегі мәселе шешілгені атап өтілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны