12.05.2008, 17:00 3019

Тәжікстан Республикасының президенті елде өнімділігі жоғары дақылдарды өсіруді талап етіп отыр

Тәжікстан Республикасының президенті елде өнімділігі жоғары дақылдарды өсіруді талап етіп отыр

Душанбе. 12 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Тәжікстан Республикасының президенті Эмомали Рахмон елде өнімділігі жоғары дақылдарды өсіруді талап етіп отыр, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Азия-Плюс" ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

"Азия-Плюс" агенттігінің ақпаратына сүйенсек, өткен сенбіде Душанбеде Тәжікстан Республикасының Ауыл шаруашылық ғылымдары академиясының институты мен өзге де құрылымдарына басшылық қызметтерге ұсынылған кадрлармен Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның әңгімесі болып өтті.

Тәжікстан президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, президент әлемде алдыңғы қатарға шыққан энергиямен және азық-түлікпен қамтамасыз ету проблемасы жайында еске салып, Ауыл шаруашылық ғылымдары академиясының басшылары мен мамандарын жемісті ғылыми-өндірістік қызмет жасауға, ғылымның өндіріспен тығыз байланыс орнатуға және елдің аграрлық секторына іс жүзінде көмек көрсетуге шақырды.

"Өнімділігі жоғары астық, бұршақ және бақша дақылдарының, көкөніс, мақта және басқа да майлы дақылдардың тұқымдарын егу, малды қолдан ұрықтандыру, қажеттілігі атап көрсетілді. Соңғы аталған жайт жеке секторға да қатысты", - деп хабарлайды "Азия-Плюс".

Сондай-ақ, мал басын ұлғайту мәселесіне тоқталған Э. Рахмон құс және балық шаруашылықтары салаларын да дамыту қажеттігін атап айтты.

Э. Рахмон сонымен бірге, ел ішінде тұқымдық картопты өсіру, суарылатын жерлерде бұршақ тұқымдастар мен көкөністерді қайта егудің маңыздылығын халыққа түсіндіру бойынша шараларды қабылдау міндетін қойды.

Сонымен бірге, суарылатын жерлердегі астық тұқымдастардың өнімділігі әрбір гектарынан 50 центнерден кем болмау керектігі атап айтылды.

Тәжікстан Республикасының президенті өсімдік шаруашылығы, жер айдау мен жер өңдеудің, органикалық және минералдық тыңайтқыштарды тиімді пайдаланудың, мал басын, атап айтқанда, гиссар және биязы жүнді қойларды, ангор ешкісінің, асыл тұқымды ірі малдың санын өсірудің, сондай-ақ, бюджет қаражатын тиімді және көкейге қонымды пайдаланудың озық тәжірибесін енгізу бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.

Ауыл шаруашылық ғылымдары академиясының кейінгі жылдағы қызметімен байланысты мәселелер тікелей президенттің қатысуымен 4-5 рет қаралды. Осы уақыт ішінде Академия президентінің, ғылыми-зерттеу мекемелерінің директорларының есептері тыңдалып, академия құрылымы өзгертілді.

"Иңгіме барысында жаңадан тағайындалған басшылар қол жеткізген ғылыми-өндірістік нәтижелер жайында мемлекет басшысы алдында есеп берулері керек", - деп атап көрсетті "Азия-Плюс".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны