06.06.2008, 18:17 2848

Тәжікстан Рогун ГЭС құрылысын аяқтау жөніндегі халықаралық консорциумға кіру жөнінде Ресейге ресми түрде ұсыныс жасады

Тәжікстан Рогун ГЭС құрылысын аяқтау жөніндегі халықаралық консорциумға кіру жөнінде Ресейге ресми түрде ұсыныс жасады

Душанбе. 6 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Тәжікстан Рогун ГЭС құрылысын аяқтау жөніндегі халықаралық консорциумына кіру жөнінде Ресейге ресми түрде ұсыныс жасады, деп хабарлайды агенттік "Азия-Плюс"ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

ТР СІМ ақпарат департаментінің бастығы Давлат Назри хабарлағанындай, Тәжікстан премьер-министрі Акил Акилов мұндай ұсыныс жазылған хатты мамырдың аяғында Ресей Федерациясы үкіметінің төрағасы Владимир Путиннің атына жіберді.

Тәжікстанның СІМ өкілі хабарлағанындай, "хатта Ресейдің консорциумға қатысатын шарты мен түрі айтылмаған".

Рогун ГЭС қуаттылығы 3,6 мың МВт болып, шығарылатын жылдық электр қуатының көлемі 14 млрд кВтс құрайды, ал оның жалпы құны $3,4 млрд. Бүгінгі күні $800 млн қаржыдан асатын құрылыс жұмыстары 40 пайызға орындалып отыр.

Жоба бойынша, ГЭС бірінші кезеңі алдағы 4-4,5 жыл ішінде тапсырылуы керек, сонымен бірге қуаты 800 МВт құрайтын екі агрегаттың құрау жұмыстары жылына 5 млрд кВтс электр қуатын өндіруге мүмкіндік береді.

Рогун ГЭС құрылысы 1976 жылы басталды, бірақ Тәжікстанда саяси жағдайдың шиеленісуінен 1990 жылдары құрылыс жұмыстары тоқтап қалды.

2004 жылы В. Путиннің Душанбеге сапары кезінде Ресейдің бұл жобаға қатысуы туралы келісім жасалған болатын. "Русский алюминий" компаниясы Рогун суэлектрстанциясының бірінші кезеңін салу міндетін өзіне жүктеген болатын. Бірақ "РУСАЛ" және Тәжікстан үкіметі ГЭС техникалық параметрлері бойынша ортақ келісімге келмегендіктен, ресми Душанбе бірлескен "Российский алюминий" компаниясымен жұмыс істеу мүмкін емес деп мәлімдеді. 2007 жылдың тамыз айында Тәжікстан үкіметі Рогун ГЭС құрылыс аяқтау жұмыстары жөніндегі "РУСАЛ" компаниясымен жасалған келісімнің күші жойылды деп бір жақты таныды. Сол кезде жұмыстарды өз бетімен аяқтау жөнінде шешім қабылданып, сондай-ақ гидростанция құрылыстарын аяқтау жөніндегі Халықаралық консорциумы құрылды.

2008 жылдың наурыз айында Украина президенті Виктор Ющенко Рогун ГЭС құрылысына қатысты қызығушылық танытты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны