06.09.2007, 17:37 3139

Тәжікстан Тәуелсіздік күнін тойлауға байланысты қауіпсіздікті қамтамасыз етудің күшейтілген режиміне көшеді

Тәжікстанның Ішкі істер министрілігінің жеке құрамы бүгінгі күннен бастап қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті сақтаудың күшейтілген режиміне көшеді.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 6 қыркүйек. ДУШАНБЕ. Тәжікстанның Ішкі істер министрілігінің жеке құрамы бүгінгі күннен бастап қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті сақтаудың күшейтілген режиміне көшеді. Бұл туралы "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісіне Тәжікстанның Ішкі істер министрілігінен хабарлады.

Тәжікстанның Ішкі істер министрілігінің ақпараттарына сүйенсек, бұл шаралар елдің Тәуелсіздік күнін тойлауға байланысты қабылданып отыр. Атап айтқанда, айрықша маңызды мемлекеттік нысандар мен адамдардың жаппай жиналатын жерлері милицияның күзетіне алынған. Қауіпсіздікті қамтамасыз етудің күшейтілген режиміне көшу туралы қаулы 10-қыркүйекке дейін жұмыс істейді.

Сонымен қатар, Мемлекеттік Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара әскерінің бас басқармасының ақпараттарына сүйенсек, бұл күндері шекарашылар жоғары дайындық жағдайына келтіріліп, республикаға шекаралас елдерден келетін көліктер мұқият тексеріледі, сондай-ақ бүкіл аумақтағы мемлекеттік шекараларды, атап айтқанда тәжік-ауған учаскелерін күзету күшейтіледі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны