24.11.2006, 17:04 4047

Тәжікстан үш күнге жарықтан қағылады

ДУШАНБЕ. 24 қараша . Kazakhstan Today. Тәжікстанда 28 қарашадан 30 қарашаға дейін электр қуатын таратуға қатаң шектеу қойылды, бұл жөнінде "Барки Точик" тәжік энергия компаниясының басшысы Шарифхон Самиев баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

"Бүкіл елге, оның шінде астанаға да электр қуаты берілмейді. Тек аса маңызды нысандар ғана жарықпен қамтамасыз етілетін болады. Мұндай әсіре қатаң шектеу тәуелсіз республиканың тарихында тұнғыш рет енгізіліп отыр",-деп атап өтті Ш.Самиев.

Оның айтуынша, бұл шара Сангтудин 1 -су электр станциясында жүргізілеп жатқан жөндеу жұмыстарына байланысты қолға алынуда. Атап айтқанда, 30 қарашадан бастап Вахш өзені жабылады, сол үшін де қазір Нруек су қоймасында су көлемін азайту жұмыстары жүргізіліп жатыр. "Бұл Сангтудин 1-су электр станциясы құрылысы үшін амалсыздан жасалып жатқан шара. Егер қараша айында өзендегі суды тоқтатпасақ, басқа уақытта ол мүмкін болмайды, сондықтанда халық бұған түсіністікпен қарауы тиіс",-деді ол.

Бүгінгі таңда , "Барки Точик" ашық акционерлік холдингтік компаниясының мәліметінше Тәжікстан су электр станциясы тәулігіне 43 млн кВт-с өндіреді. 28,29,30 қарашада энергия өндіру сағатына 25-26 кВт дейн төмендейді.

Ш.Самиев, "біз қосымша сағатына 500 млн. кВт және елдің тұтынуына жетіспей жатқан 1 млрд.кВт-с энергияны көрші Қырғызстаннан тасымалдау туралы Өзбекстанмен келісуге тырыстық, алайда Өзбекстан осынша көлемдегі электрэнергияны тартуға энергожүйелерінің күші жетпейді деген желеумен осымен үшінші мәрте бас тартып отыр", дейді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны