13.02.2008, 17:38 2212

Тәжікстан жақын арада Изербайжанда өз елшілігін ашады

Тәжікстан жақын арада Изербайжанда өз елшілігін ашады

Баку. 13-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Тәжікстан жақын арада Изербайжанда өз елшілігін ашады. Бұл туралы осы елдің сыртқы істер министрінің орынбасары Абдулло Юлдошев Бакуде Изербайжанның сыртқы істер министрі Эльмар Мамедьяровпен кездесу барысында мәлім етті, деп хабарлады "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне ИР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

"Кездесу барысында А. Юлдошев, Бакуде жақын арада Тәжікстанның елшілігі ашылатындығын және бұл мекеменің басшысы тағайындалып қойғандығын хабарлады. Ол сондай-ақ, "Изербайжанмен арадағы екіжақты қатынастарды дамытуда экономикалық мүдделіктің ерекше орын алатындығын, бірақ екі ел арасындағы басқа өзара ықпалдастықтар да жоғары деңгейде екендігін атап өтті", деді СІМ.

Э. Мамедьяров екі ел арасындағы екіжақты қатынастардың пәрменділігіне жоғары баға беріп, Бакуде Тәжікстанның елшілігін ашуға, сондай-ақ экономикалық саладағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға әзербайжан тарапының кез-келген көмек көрсетуге дайын екендігін тілге тиек етті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны