25.09.2008, 14:19 2871

Тәжікстанда ағымдағы жылы 80 тонна балық өндірілді

Тәжікстанда ағымдағы жылы 80 тонна балық өндірілді

Душанбе. 25 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Тәжікстанда ағымдағы жылы 80 тонна балық өндірілді, бұл - жоспардың 110% , деп хабарлайды агенттік тілшісі "Азия-Плюс" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Тәжікстан ауылшаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, балық саласын дамыту үшін министрліктің жанынан "Мохии Точикистон" басқармасы құрылды. Қазір осы кәсіпорнымен қатар елде 18 балық өсіруші шаруашылық бар, оның 10-ы жекеменшік.

Тәжікстан үкіметі "Балық шаруашылығы саласын өсіру жөніндегі 2009 - 2015 жылдарға арналған бағдарлама" жасаған. Бұл бағдарлама аясында балық өсіретін бассейндер аумағы 15 мың гектарға дейін ұлғаюға тиіс, бүгінде балық өсірілетін су қоймалары 3 мың гектарды ғана қамтиды. Олар жылына 3,5 мың тонна ғана балық өндіре алады.

Тәжікстан су қоймаларында 65 балық түрі болса, шаруашылықтар небәрі 10 түрін ғана өсіреді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны