04.07.2008, 10:03 1216

Тәжікстанда алғашқы жартыжылдықта өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда есірткі заттары 82,6 пайызға артық тәркіленген

Тәжікстанда алғашқы жартыжылдықта өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда есірткі заттары 82,6 пайызға артық тәркіленген

Душанбе. 4 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Тәжікстан президенті жанындағы Есірткіні бақылау агенттігінің қызметкерлері үстіміздегі жылдың алғашқы алты айында есірткінің заңсыз айналымының 52 дерегіне тосқауыл қойып, 952 кг 442 грамм есірткі затын тәркілеген. Бұл өткен жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 82,6% көп, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі"Азия-Плюс" ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

"Агенттік есірткінің заңыз айналымымен бұдан да тиімді күресу үшін республиканың құқық қорғау органдарымен және ТМД елдері мен Ауғанстанның күш құрылымдарымен өзара ықпалдастықты үдетіп отыр", - деп хабарлады Тәжікстан президенті жанындағы Есірткіні бақылау агенттігі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны