01.04.2008, 19:31 3521

Тәжікстанда ет пен ұн бағасы айтарлықтай қымбаттады

Тәжікстанда ет пен ұн бағасы айтарлықтай қымбаттады

Душанбе. 1 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Душанбенің орталық базарларында ет пен ұн бағасы айтарлықтай қымбаттады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Азия-Плюс" ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Ақпарат көзіне сүйенсек, сиыр етінің бағасы наурыздың соңғы күндері 4 сомониге ($1,16) - 18 сомониге дейін қымбаттаған. Туралған еттің бір келісін 16 сомониге, бір кг қой етін 19-20 сомониге алуға болады.

Наурыздың соңғы онкүндігінде Қазақстан мен Рсейде өндірілген бірінші сұрып ұнының 50 килограмы 7 сомониге ($2,04) өсіп, 112 сомониге ($32,6) жеткен. Отандық өндірістің ұнының қабы 106 сомониге дейін қымбаттаған.

Ет бағасының күрт көтерілуін саудагерлер биылғы жылғы қыстың қатты болуымен және жем бағасының үнемі өсуімен байланыстырады. Биылғы қыста мал жұтқа ұшырап, жаппай қырылған болатын. Сонымен бірге, сауал қойылған саудагерлердің сөзіне сенсек, баға өсімінің тағы бір себебі көктемгі жауын-шашынның болмауы, соның нәтижесінде тау баурайына шөп шықпаған. Ал ұн бағасының қымбаттауын саудагерлер аталмыш өнім өндірілетін елдердегі баға қымбаттауымен байланыстырады, деп хабарлады ақпарат агенттігі.

Душанбе қаласының мемлекеттік билікті атқару органының базарлар басқармасы мамандарының пайымдауынша, ет бағасының көтерілуі Наурыз мерекесі кезіндегі оған деген сұраныстың артуынан көреді. "Душанбе әкімшілігі жақын күндері қаладағы етке байланысты жағдай тұрақталатынына сеніп отыр. Душанбе тұрғындары ет бағасының қымбаттауына ет сатушылардың келісіп алуы себеп болған деп отыр", - деп көрсетілген ақпарат көзінің хабарламасында.

Сонымен қатар, осындай жағдай елдің өзге де өңірлерінде қайталанып отыр. Хатлонда еттің бағасы 17 сомони болған. Ал наурыз айының ортасында ғана оның құны 13 сомони болған еді. Естеріңізге сала кетсек, биылғы қатты қыста Тәжікстан Республикасында ірі қарадан 3 мың бас, ұсақ малдан 30 мың бас, 400 жылқы және 35 мыңнан астам үй құстары қырылған.

Биылғы қысқа қарамастан елдегі ауыл шаруашылық өнімдерінің бағасы жыл басынан бері өзгеріссіз келе жатқан. Ащы пияз килограмы - 1 сомони, сәбіз 80 дирам, сүт литрі - 3 сомони, картоп келісі - 1-1,5 сомони, он жұмыртқа - 5,6 сомони тұрады.

"Тәжікстанға импортталатын басқа да азық-түлік өнімдерінің бағасы бұрынғы қалпында қалып отыр. Мысалы, 1 кг қант бұрынғыдай 2,5 сомони, рафинад - 3 сомони тұрады. Өсімдік және мақта майының литрі өндіруші еліне байланысты 4-тен 10 сомони аралығында. Ал күріш 3,5 - 5,5 сомони аралығында", - деп атап көрсетілген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны