01.07.2008, 10:33 1472

Тәжікстанда халықтың 53 пайызы кедей және 17 пайызы өте кедей деп есептеледі - Мемлекеттік статистика комитеті

Тәжікстанда халықтың 53 пайызы кедей және 17 пайызы өте кедей деп есептеледі - Мемлекеттік статистика комитеті

Душанбе. 1 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Тәжікстанда халықтың 53 пайызы кедей және 17 пайызы өте кедей деп есептеледі. Мұндай мәліметтерді кеше Душанбеде Тәжікстандағы өмір сүру деңгейін анықтау бойынша зерттеудің алдын ала нәтижелерін жариялауға арналған баспасөз мәслихатында Тәжікстан Республикасының үкіметінің жанындағы Мемлекеттік статистика комитетінің төрағасының бірінші орынбасары Бахтия Мұхамедиева келтірді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Азия-Плюс" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Б. Мұхамедиеваның айтуынша, халық егер толық кедейшілік санатына кіретін болса, яғни, халықтың 1 айдағы азық-түлік және азық-түлік емес тауарларына жұмсайтын шығындары 139 сомониден ($40,5) аспайтын болса, кедей деп есептеледі. Аса кедей адамдар қатарына тек азық-түлік тауарларына айына 89 сомони жұмсайтын адамдар жатқызылған.

$1 = 3,4308 сомони.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны