26.09.2007, 18:01 2971

Тәжікстанда өтетін үш самитті баяндау үшін 300 астам журналист тіркелген

Тәжікстанда өтетін үш самитті баяндау үшін 300 астам журналист тіркелген


Душанбе. 26 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Тәжікстанда 5 – 6 қазанда өтетін ТМД, ЕурАзЭҚ және Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының самиттерін баяндау үшін 300 астам журналист тіркелген, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Тәжікстан президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл шараларды шұғыл баяндау үшін арнайы біртұтас баспасөз орталығы құрылады. "Ол астананың орталығында – Тәжікстанның Ұлттық банкінің жаңа ғимаратында орналасатын болады",- деді баспасөз қызметінің қызметкерлері.

Сонымен қатар, уақытша құрылған баспасөз орталығы жаңа техникалық жабдықтармен, атап айтқанда Интернетке қосылған компьютерлермен, халықаралық телефон байланысымен және басқа да құралдармен жабдықталатын болады, деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны