24.08.2006, 17:23 2919

Тәжікстанда соңғы рет болған жер сілкінісінің шығыны 300 мың АҚШ долларын құрады

ДУШАНБЕ. 24 тамыз. Kazakhstan Today. Алдын ала мәліметке қарағанда Душанбенің оңтүстік- шығысында 18 тамыз күні тіркелген жер асты дүмпуінен келген шығын көлемі 1 млн.($300 мың.) астам соманиді құрады. Бұл жөнінде Kazakhstan Today агенттігіне ТР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінен хабарлады.

Рудаки ауданының Алибой, Кизиласкар және Ильич джамоата Зайнаб-биби қышлақтары жер сілкінісінен қатты зардап шеккен. "Мұнда 71 баспана толығымен қираған, тағы 233-іне жартылай зақым келді. Министрліктің берген мәліметіне сәйкес, жеке меншік тұрғын үйлерге келген шығын көлемі шамамен 330 мың сомани. 447 адам далада қалды, 1 мың 356 адам қазіргі кезде жартылай қирап қалған үйлерін паналауға мәжбүр. Сондай -ақ , зілзала салдарынан бес жалпы білім беру мектебі мен ұстаздарды дайындайтын кәсіби оқу орны, электр жалғастыру желісі мен инфрақұрылым зардап шекті". Апат орнында қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Зардап шеккен аудандарда мемлекеттік комиссия өкілдері сараптама жүргізіп, ақтық қорытынды жасайды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны