25.07.2008, 19:28 3020

Тәжікстанда тәжіктер мен қытайлар арасында болған жаппай төбелестен 20 адам зардап шекті

Тәжікстанда тәжіктер мен қытайлар арасында болған жаппай төбелестен 20 адам зардап шекті

Алматы. 25 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Тәжікстанда тәжіктер мен қытайлар арасында болған жаппай төбелестен 20 адам зардап шекті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі CA-News ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

CA-News хабарламасына сүйенсек, төбелес "Бахори Аджам" сауда орталығының маңындағы ойын автоматтарының залында бір қытай мен жергілікті тұрғын арасында туындаған. Ойын автоматтарына келген басқа да адамдар соңғысын қорғап шыққан. Кейінірек, жүк көлігімен басқа да қытай жұмысшылары келіп, ойын автоматтарын таспен атқылап кеткен. Нәтижесінде ойын залы мен жақын маңдағы дүкендердің терезелері сынған. Тез келіп жеткен ОМОН тобы топты қуып таратқан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны