24.06.2008, 09:45 1176

Тәжікстандағы кеден бекетінде АҚШ азаматынан ХVIII ғасырда шығарылған пистолет-мушкет тәркіленді

Тәжікстандағы кеден бекетінде АҚШ азаматынан ХVIII ғасырда шығарылған пистолет-мушкет тәркіленді

Душанбе. 24 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Тәжікстан Республикасының үкіметінің жанындағы кеден қызметінің қызметкерлері АҚШ азаматы Ли Порттың жүгін тексеру барысында ХVIII шығарылған пистолет-мушкет тәркіледі, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Азия-Плюс" ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Хабарламада аталып көрсетілгендей, америкалық пистолет-мушкетті Тәжікстаннан Ауғанстанға алып өтпек болған. Алайда, ола "Төменгі Пяндж" бақылау-өткізу пунктінде қамауға алынған.

Тәжікстанның кеден қызметінің ақпаратына сүйенсек, Тәжікстаннан көне мұраны алып шығуға рұқсат беретін тиісті құжаттар АҚШ азаматында болмаған.

"Пистолет-мушкет тәркіленді. Ал Ли Порт мырзаға кеден ережелерін бұзғаны үшін 350 сомони айыппұл салынды", - деп атап көрсетті ведомство өкілдері.

$1 = 3,4298 сомони.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны