24.07.2008, 10:03 1440

Тәжікстандағы Рогун су электр станциясының бірінші кезегінің құны 25 пайызға артты

Тәжікстандағы Рогун су электр станциясының бірінші кезегінің құны 25 пайызға артты

Алматы. 24 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Тәжікстандағы Рогун су электр станциясының бірінші кезегінің құны 25 пайызға ұлғайды. Бұл туралы 22 шілде күні Душанбе қаласында өткен баспасөз мәслихатында Тәжікстанның энергетика және өнеркәсіп министрі Шерәлі Гүл мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі СА-News ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Оның мәліметтеріне сүйенер болсақ, қазіргі уақытта Бүкіләлемдік банк жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін жасау үстінде. Оны аяқтағаннан кейін нысан құрылысын аяқтау жөніндегі халықаралық консорциум құру құру мәселесі талқыланатын болады.

Жобалық қуаты 3,6 мың МВт болып отырған Рогун су электр станциясы Душанбе қаласынан шығыс бағытқа қарай 110 шақырым жерде орналасқан. Ирқайсысының қуаты 600 МВт болатын алты агрегатының барлығы жұмыс істеген кезде станцияның жылдық өнімі 13,1 млрд кВт-сағатты құрамақ. Жобалық сметалық құжаттамасына сәйкес, бөген биіктігі 335 метрге жетеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны