11.06.2008, 18:44 2807

Тәжікстандағы Шахристан асуының астымен тартылып жатқан "Шахристан" туннелінің 3500 метрге жуық бөлігі салынды

Тәжікстандағы Шахристан асуының астымен тартылып жатқан "Шахристан" туннелінің 3500 метрге жуық бөлігі салынды

Душанбе. 11 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Тәжікстандағы Шахристан асуының астымен тартылып жатқан "Шахристан" туннелінің 3500 метрге жуық бөлігі салынды, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Азия-Плюс" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Шахристан асуының астымен тартылып жатқан туннель Душанбе - Худжанд тас жолының 180 шақырымында орналасқан, бес шақырымдық туннель Қытай үкіметі қаржыландыратын Душанбе - Худжанд - Чанак автожолын сауықтыру жобасының аясында салынады. Нысанның бас мердігері Қытайдың Chine Road компаниясы.

Шахристан туннелі пайдалануға берілген соң ел астанасынан Худжанд қаласына дейінгі жол 6 сағатқа қысқармақ. Автожол салынып біткен жағдайда тәулігіне 11,5 мың автокөлік, соның ішінде 4,5 мың жүк, 7 мың жеңіл көлікті өткізе алады.

Душанбе - Чанак жолын сауықтыру жобасының үшінші учаскесінің басқарушысы Нарзулло Алиматовтың айтуынша, 2006 жылдың желтоқсан айынан бері 1 мың 689 метр автотранспорттық туннель мен 1 мың 803 метр вентиляциялық туннель тартылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны