16.04.2008, 19:24 3202

Тәжікстандағы тыңшылығы үшін Өзбекстанның үш азаматы сотталды

Тәжікстандағы тыңшылығы үшін Өзбекстанның үш азаматы сотталды

Душанбе. 16 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Соңғы бір жылда тыңшылық жасағаны үшін Тәжікстанда үш Өзбекстан азаматы сотталды. Бұл туралы бүгін Тәжікстанның Жоғарғы сотының төрағасы Нусратулло Абдуллоев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Азия-Плюс" ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

"Соңғы бір жылда Тәжікстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 308 бабы (тыңшылық) бойынша үш Өзбекстан азаматына үкім шығарылған", - деді Н. Абдуллоев

Сонымен бірге, оның айтуынша, мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтудің 53 оқиғасы тіркелген. Ол Қытай, Ауғанстан, Өзбекстан және Қырғызстан азаматтары тарапынан болған. Ол сондай-ақ, 2007 жылы Жоғарғы сот өмір-бақи түрмеде отыру жазасын 8 адамға кескенін хабарлалы.

Н. Абдуллоев 8 сәуір күні M&P компаниясының бас директоры Маруфа Орифоваға Тәжікстанның Жоғарғы соты шығарған үкімге түсінік беруден бас тартты. Ол мүлкі тәркіленіп, 8,5 жылға бас бостандығынан айрылған еді. Жоғарғы сот төрағасы үкімнің әлі күшіне енбегенін ескертті. "Оның үстіне Орифованың қорғаушылары Жоғарғы сотқа кассациялық шағым түсірді. Сондықтан менің әлдекімдердің сөзіне түсінік беруге құқым жоқ", - деді Н. Абдуллаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны