04.06.2008, 22:26 2728

Тәжікстанға Қырғызстанның ізгілікті ұнының 100 тоннасы келіп түседі

Тәжікстанға Қырғызстанның ізгілікті ұнының 100 тоннасы келіп түседі

Душанбе. 4 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін Тәжікстанға Қырғызстанның ізгілікті көмегі ретіндегі 100 тонна ұн келіп түседі, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Азия-Плюс" ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Ходжентке жеткізілетін көмек табиғи апаттардың салдарынан туындаған халықты азық-түлікпен қамтамасыз етудегі қиын экономикалық жағдайға байланысты бөлінген.

Ақпарат көзінің хабарлауынша, Қырғызстан Тәжікстан мен Ауғанстанға 200 тонна ұн бөлген. Үкіметтің гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі қаулысына Қырғызстан Республикасының премьер-министрі Игорь Чудинов 22 мамырда қол қойған. Қырғызстан Республикасының "Мемлекеттік материалдық қор туралы" заңына сәйкес үкімет Қытайдан жеткізілетін 1 сұрыптағы ұннан 200 тонна бөлу жөнінде шешім қабылдаған. Көмек екі мемлекет арасында теңдей бөлінеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны