31.03.2008, 09:56 3312

Тәжікстанның Соғды облысында "Хизб-ут-Тахрир" партиясының екі жақтаушысы тұтқындалды

Тәжікстанның Соғды облысында "Хизб-ут-Тахрир" партиясының екі жақтаушысы тұтқындалды

Ходжент. 31 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Тәжікстанның Соғды облысында тыйым салынған экстремистік "Хизб-ут-Тахрир" партиясының мүшесі деген күдікпен екі азамат тұтқындалды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Азия-плюс" ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Соғды облысының ІІБ хабарлағандай, Бободжонгафур ауданының ішкі істер органының қызметкерлері аталмыш аудан аумағында жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында экстремистік "Хизб-ут-Тахрир" партиясының қызметіне қатысты облыстың екі тұрғыны тұтқындалды.

ІІБ қызметкерлерінің айтуынша, олар Ходжент қаласының 33 және 58 жастағы тұрғындары болып шыққан.

Биылғы жылдың 26 наурызында тұтқындалғандарға қатысты Тәжікстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 307 бабы (Конституциялық құрылымды күшпен өзгертуге бұқаралық шақыру) бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны