26.05.2008, 16:33 2749

Тәжікстанның солтүстігінде "Хизб ут-Тахрир" партиясының белсенді мүшесі сотталды

Тәжікстанның солтүстігінде "Хизб ут-Тахрир" партиясының белсенді мүшесі сотталды

Худжанд. 26 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Тәжікстанның солтүстігінде елде тыйым салынған "Хизб ут-Тахрир" партиясының белсенді мүшесі сотталды деп хабарлайды агенттік тілшісі "Азия-Плюс" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Облыстық сот процессінің төрағасы болған судья Хакимджон Асроров айтқанындай, 29 жасар Бахтияр Сатторов 2007 жылдың сәуір айында "Хизб ут-Тахрир" экстремистік партиясының қатарына кіріп 2008 жылдың ақпан айына дейін белсенді түрді қызмет атқарған.

Судьяның айтуынша, айыпталған адам апта сайын Согдий облысы аумағында таратуға арналған экстремистік мағынасы бар әдебиет пен үндеухаттарды алып, оны партияның білгілі бір адамдарына тапсырып отырған.

"Сот Тәжікстан Республикасының қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша айыпты екенін тауып оны он жылға бас бостандығынан айырды ", - деп атап өтті сот судьясы.

Сотталған қатаң тәртіпті колониясында жазасын өтейтін болады. Сондай-ақ, ол бостандыққа шыққаннан кейін бес жыл бойы діни мекемелерінде жұмыс істеуіне тыйым салынды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны