01.04.2008, 17:29 3387

Тәжікстанның солтүстігінде су жетіспеушілігі салдарынан ауыл шаруашылық дақылдарының жойылу қаупі туды

Тәжікстанның солтүстігінде су жетіспеушілігі салдарынан ауыл шаруашылық дақылдарының жойылу қаупі туды

Душанбе. 1 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Канибадамда (Тәжікстанның солтүстігі) су жетіспеушілігі салдарынан ауыл шаруашылық дақылдарының жойылу қаупі туды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Азия-Плюс" ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Аудандық ауыл шаруашылық басқармасының бастығы Каримжон Жураев хабарлағандай, ұзындығы шамамен 60 шақырым болатын Үлкен Ферғана каналында су көлемінің күрт азаюы себепті 900 гектар астық, 1 мың гектар мақта және 70 гектар жеміс бақшасы алқабы құрудың аз-ақ алдында қалған.

"Өткен жылы су проблемасы мамыр айында ғана туындағанын ескере отырып тұқым себуді екі апта бұрын бастасақ та, күздік астық егілген 1400 гектар жердің 500 гектарын тыңайтқыштармен өңдеп, суарып үлгердік. Ал мақта тұқымын өсіру үшін 60 гектар ғана жердің алғашқы суарылуы іске асырылды", - деді ақпарат көзі.

Оның айтуынша, наурыз айының ортасынан бері көршілес Өзбекстаннан келетін су көлемі ылғи азайып отырған. Ол егіннің қаншама күндер суарылмай отырылуына себеп болған.

"Орын алған жағдай диқандарды ірі көлемдегі қосымша қаржылай шығындарға алып келуі мүмкін", - деп сөзін жалғастырды К. Жураев.

Сонымен бірге, су шаруашылығы басқармасының бастығы Зарифжон Шарипов атап көрсеткендей, Тәжікстан мен Өзбекстан арасындағы үкіметаралық келісім негізінде Үлкен Ферғана каналымен ағып келетін су көлемі әр секундына 10 куб метрден кем болмауға тиіс. Алайда, оның 2-3 куб метрден аса алмай отырғанына да біраз болып қалды.

"Бірнеше мәрте өткізілген екі жақты кездесулер әзірге еш нәтиже берер емес. Өзбек әріптестеріміз қырғыз жағына сілтеме жасайды. Олардың айтуынша, Тоқтағұл су электр станциясына ағып келетін су көлемін арттыру мақсатында қырғыздар шығатын су көлемін азайтқан", - деп атап көрсетті ол.

"Дағдарысты жағдайдан, тым болмағанда, жартылай болса да шығу үшін қазіргі уақытта біз Сырдариядан суды сорып алатын екі насос станциясын тез арада тесеруден өткізу шараларын жасап жатырмыз", - деп сөзін қорытты З. Шарипов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны