18.06.2012, 18:39 3104

Тәжіктің атақты жазушысы Назарбаев туралы "Еңбек әміршісі" атты кітабын жазды

Тәжікстанның астанасы Душанбе қаласында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған "Еңбек әміршісі" атты кітаптың тұсауы кесілді, деп хабарлады ҚР сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Астана. 18-маусым. Kazakhstan Today - Тәжіктің атақты жазушысы Назарбаев туралы "Еңбек әміршісі" атты кітабын жазды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Тәжікстанның астанасы Душанбе қаласында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған "Еңбек әміршісі" атты кітаптың тұсауы кесілді, деп хабарлады ҚР сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

"14 маусымда Душанбе қаласында Тәжікстан Республикасы Мәдениет министрлігінде Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Елшілігінің жәрдемімен жарық көрген белгілі тәжік жазушысы Вахид Ғаффоридың "Еңбек әміршісі. Нұрсұлтан Назарбаев - саясат жолындағы еңбеккер" атты кітабының тұсаукесері өтті. Аталған басылымның жауапты редакторы мен концепциясының соавторы болып Тәжікстан Республикасы Президентінің Сыртқы саясат жөніндегі аға кеңесшісі Зафар Сайидзода табылады", - делінген хабарламада.

Бұл іс-шараға Тәжікстан Республикасы Парламентінің депутатары, белгілі қоғам және мәдени қайраткерлері, халық жазушылары, журналистер, ғалымдар, сарапшылар және өнерпаз интелегенциясының өкілдері қатысты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны