07.03.2019, 18:04 15242

Теңіз шекарашылары 4 центнерге жуық балықпен үш қазақстандықты ұстады

Мотоциклдің жүксалғышынан 377 кг қымбат бағалы балықтар мен бірнеше ау, құралдар табылды. Ұсталған азаматтардың үстінен ҚР ҚК 335 бабының 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалатын болады. Мемлекетке келтірілген шығын - 1 142 310 теңге деп есептелінді.

Астана. 7 наурыз. Kazakhstan Today - "Жағалау күзеті" Өңірлік басқармасының "Иса Батыр" катеріне мінген теңіз шекарашылары Каспий теңізінің 46.48 солтүстік ендігі мен 51.42 шығыс бойлығы аумағындағы "Пешной" бұғазының маңында "Урал" мотоцикліне мінген үш қазақстандықты ұстады. Мотоциклдің жүксалғышынан 377 кг қымбат бағалы балықтар мен бірнеше ау, құралдар табылды. Тәркіленген балық актіленіп "Тілекші" ЖШС-ына тапсырылды. Ұсталған азаматтардың үстінен ҚР ҚК 335 бабының 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалатын болады. Мемлекетке келтірілген шығын - 1 142 310 теңге деп есептелінді.

Бас киімдегі есірткі

"Ақтау теңіз порты" аумағында теңіз шекарашылары шетелдік кемелердің бірінің капитанының көмекшісінен, оның баскиіміне жасырылған, есірткі заттарына жататын "Methadone" таблеткаларын тауып алды. Ұсталған шетелдік - "бұл таблеткаларды тісім ауырғанда қолданамын" деп ақталмақ болды.

Кемелердің бірінен 12 контейнер контрабандалық темекі табылды

"Ақтау теңіз портында" шекарашылар Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кіріс департаментінің экономикалық қылмыстарды тексеру қызметімен бірлесіп шетелден келген кемелердің бірін тексеру кезінде, арнайы құралдардың көмегімен 12 контейнер, акциздік маркасы жоқ темекі өнімдерін тауып алды. Санақ қорытындысы бойынша әртүрлі маркалы 16 349 қорапқа салынған 797 738 блок (8 041 080 пачка) темекі анықталды. Жалпы құны есептелініп жатыр.

Контейнерлер мөрленіп "Ақтау теңіз портының" уақытша сақтау қоймасына тапсырылды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны