09.04.2018, 20:49 4384

Тегін амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету сұрақтары бойынша контакт-орталығы іске қосылды

Бірыӊғай дистрибьютор дәрі-дәрмектерді сатып алу бойынша еліміздіӊ медициналық ұйымдарын тегін амбулаториялық қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардыӊ түсуі сұрақтары бойынша контакт-орталығын іске қосты (7172) 23 50 98

Астана. 9 сәуір. Kazakhstan Today - Бірыӊғай дистрибьютор дәрі-дәрмектерді сатып алу бойынша еліміздіӊ медициналық ұйымдарын тегін амбулаториялық қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардыӊ түсуі сұрақтары бойынша контакт-орталығын іске қосты (7172) 23 50 98.

"СҚ-Фармация" басқармасы төрағасыныӊ міндетін атқарушы Шария Исмуханованыӊ айтуынша, барлық қажеттілік қазірдіӊ өзінде сатып алынған және емханаларға жөнелтілгеніне қарамастан, халықта дәрілік қамтамсыз етудегі үзілістер туралы сұрақтар әлі де туындап отыр.

"Біздіӊ сайтта бұрын жарияланған телефондар бойынша қазақстандықтарға амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімініӊ мамандары жауап берген. Бірақ олар барлық жұмыс уақыттарын әр жағдайды анықтауға арнай алмайтын. Сондықтан контакт-орталығын іскке қосу туралы шешім қабылданды, енді оператор халықтыӊ сұрақтарына ғана жауап беріп, дәрі-дәрмекті жеткізудегі әр үзіліс жағдайын түсіндірумен айналысады", - дейді Шария Исмуханова.

"СҚ-Фармация" төрағасыныӊ айтуынша, контакт-орталығы әзірше пилоттық тәртіпте жұмыс істейді. "Кейінірек, қазақстандықтардыӊ қолайлылығы үшін, республика бойынша барлық абоненттерге бірыӊғай қысқа нөмірді іске қосу жоспарлануда", - деді ол.

Еске салайық, 2018 жылдыӊ 1 тоқсанында еліміз бойынша барлық 404 медициналық ұйымға тегін амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету үшін 22,3 млрд. теӊге сомаға дәрі-дәрмек жөнелтілді. Ағымдық сәттегі жағдай бойынша қазақстандықтарды амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету үшін тізімдегі 494 атаудан дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардыӊ 430 атауы сатып алынды. Тұтастай алғанда, Бірыӊғай дистрибьютордыӊ тізімі бойынша амбулаториялық және стационарлық дәрілік қамтамасыз етуге арналған 1040 атауы сатып алынған, ол жалпы қажеттіліктіӊ 95%-ын құрайды. Сатып алынбаған препараттар бойынша тендер жарияланып, өтінімдері бар конверттерді ашу 28 наурызда өткізілді, сәуірде қорытындысы шығарылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны