04.04.2012, 12:01 4009

Техастықтар торнадодан көз ашпай қалды

Торнадолардың жойқын күші үйлердің шатырларын сыпырып әкетіп кейбір автокөліктерді көкке көтеріп, ағаштарды тамырымен жұлып тастаған. Табиғи апат салдарынан ондағын үй-жай қирап-бұзылды және электрмен қамту жүйесінің сымдары үзілді. Далластың халықаралық әуежайы уақытша жабылып қалды. Құйын соғуынан қаза тапқан адамдар туралы мәлімет жоқ.

Астана. 4-сәуір. Kazakhstan Today - Техастықтар торнадодан көз ашпай қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Хабар агенттігінің хабарлауынша, АҚШ-тың Техас штатындағы Даллас қаласының ауданында екі рет қатарынан үлкен құйын соғып өтті.

Торнадолардың жойқын күші үйлердің шатырларын сыпырып әкетіп кейбір автокөліктерді көкке көтеріп, ағаштарды тамырымен жұлып тастаған. Табиғи апат салдарынан ондағын үй-жай қирап-бұзылды және электрмен қамту жүйесінің сымдары үзілді. Далластың халықаралық әуежайы уақытша жабылып қалды. Құйын соғуынан қаза тапқан адамдар туралы мәлімет жоқ. Дегенмен 15 шақты адамның жараланғаны анық. Жаралылардың арасында 10 адам Даллас қаласының шетіндегі Ланкастер елді мекенінің тұрғындары. АҚШ-тың Метеорологиялық қызметінің хабарлауынша, аймақта тағы бірнеше торнадо қалыптасып келеді және кейбірі елді мекендерге қарай бағыт алуы мүмкін.

Жергілікті төтенше жағдай қызметтері адамдарды сақ болуға және жертөле сияқты ыңғайлы жерлерде жасырынып отыруға шақырды. Жалпы Техас штатының солтүстік аудандарында күші 6-дан 12-ге дейін әртүрлі деңгейдегі торнадо-құйындар пайда болғаны тіркелді. Дегенмен оның қайсысы елді мекендерге төніп, қандай дәрежеде зардап келтіргені кейінірек анықталады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны