03.05.2016, 15:41 3859

Тек қазақстандықтар ғана ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жеке меншікке сатып ала алады

Бірде бір шетелдік Қазақстан жерініӊ бір сантиметрінде сатып алуға құқығы жоқ. Тек қазақстандықтар ғана ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жеке меншікке сатып алуға құқы бар, біріншіден, жеӊілдетілген бағамен (50%), жалға берілген жерді 10 жылға ұзартумен және екіншіден аукцион арқылы сатып алуға құқы бар.

Астана. 3 мамыр. Kazakhstan Today - Тек қазақстандықтардыӊ ғана ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жеке меншікке сатып алуға құқығы бар, деп хабарлады Ұлттық экономика министрлігі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бірде бір шетелдік Қазақстан жерініӊ бір сантиметрінде сатып алуға құқығы жоқ. Тек қазақстандықтар ғана ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жеке меншікке сатып алуға құқы бар, біріншіден, жеӊілдетілген бағамен (50%), жалға берілген жерді 10 жылға ұзартумен және екіншіден аукцион арқылы сатып алуға құқы бар.

Шетелдіктер үшін бұндай норма жүрмейді. Мынаны ескерткіміз келеді, ауыл шаруашылығы мақсатындағы қазіргі айналымдағы 100,8 млн га жердіӊ 1,3 млн га жері Қазақстан азаматтарыныӊ жеке меншігінде, ал 99,5 млн га жер жалға берілген.

Бұндай жерлерде әртүрлі егістік, майлық, дақылдық, жемдік, көкөністік -бақшалық және өнімдік дақылдар өсіріледі және бұндай жерлерде мал шаруашылығымен және ет-сүт өндірісімен шұғылданады. 2015 жылдыӊ қорытындысы бойынша ауылшаруашылығы өнімдерініӊ көлемі ақшалай түрінде 2,7 трлн. теӊгені құрады.

99,5 млн га жердіӊ шетелдіктерге 65 мыӊ га жері ғана берілген - бұл шамамен 0,06% - оныӊ өзі жалға берілген. Атап өткен жөн, оныӊ еӊ көп бөлігі -45 мыӊ га - бірлескен кәсіпорындарға жалға берілген, олардыӊ үлесін қазақстандықтар тікелей иелік етеді. Мысалы, Ақмола обласында 2010 жылы американдық Global Beef компаниясымен (капиталдық үлесі 15% ) "KazBeef Ltd" ЖШС бірлесіп құрылды. Кәсіпорын жер телімініӊ көлемі 154,8 мыӊ га, оныӊ ішінде: егістік -13,2 мыӊ га, шабындық - 141,6 мыӊ га.

Компания елімізде алғашқылардыӊ бірі болып тұқымдық таза ангус және герефорд малы тұқымдарын алып келе бастады, сөйтіп сапасы жоғары ет өндірісініӊ толық циклін құру жолын бастады. Биыл 2015 жылдыӊ қорытындысы бойынша жоғары сапалы 2014 тонна ет экспортталды. Қазір кәсіпорында 85 - ге жуық адам жұмыс істейді, олардыӊ ішінде бірде бір шетелдік жоқ.

Сондай-ақ, Солтүстік -Қазақстан облысында қытай инвесторларыныӊ қатысуымен май дақылдарын өндірісі мен қайта ұқсату бойынша пилоттық кооперативті құру іске асырылуды. Аталған жоба кластерлік жолға қойылған, ол 12 мыӊ га жер көлемінде май дақылдарын өсіру және оны өсімдік майын қайта өӊдеу үшін май экстракциялау заводыныӊ құрылысы салынбақшы. Барлығы кооператив 9 ауылшаруашылығы өндірушілерініӊ басын қосады.

Жалға берілген жерлердіӊ кейбір өӊірлер бойынша жерді таратуы мынандай: Ақтөбе облысында - 29 мыӊ. га, Жамбыл облысында - 13,5 мыӊ. га, Ақмола облысында - 8,6 мыӊ га.

Ал ресейліктер болса 10 236 га жалға береді, Қытай резиденттері - 282 га, ОАЭ - 859 га, Түркия - 7 га және тағы басқаларға жалға берілген.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны