05.05.2020, 16:55 5073

Жаңа коронавирустық инфекция бойынша telegram-бот іске қосылды

ҚР ДСМ ҚДСҰО әзірлеуші командасы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) елдік офисімен ынтымақтастықта жаңа коронавирустық инфекция бойынша telegram-ботты іске қосты.

Алматы. 5 мамыр. Kazakhstan Today - COVID-19 мәселелері бойынша telegram-бот өте жедел және функционалды режимде жұмыс істеді.

ҚР ДСМ ҚДСҰО әзірлеуші командасы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) елдік офисімен ынтымақтастықта жаңа коронавирустық инфекция бойынша telegram-ботты іске қосты. Естеріңізге сала кетейік, COVID-19 бойынша телеграмм-бот Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында, сонымен қатар басқа да облыстарда ТЖ режимі енгізілер алдында ғана ҚР ДСМ Операциялық штабының, сондай-ақ қатысы бар өзге де құрылымдардың қызметкерлерін сараптауға негізделген жедел, тексерілген коммуникацияны орнату мақсатында іске қосылған болатын.

Күн сайын өсіп келе жатқан жазылушылардың саны (25 000+), сондай-ақ пайдаланушылар қойған сұрақтар құрылымының кең ауқымы жаңа байланыс арнасының функционалын масштабтау қажеттілігін көрсетті.

Жүргізілген техникалық реновациядан кейін бот коронавирус туралы деректер базасынан өзіне белгілі сұрақтарға жауап беруді үйренді. Егер бұрын 100-ден астам өзекті сұрақтардың ішінен пайдаланушыға бөлімге кіріп, қажетті сұрақты іздеуге тура келсе, қазір мәтінді теру жеткілікті, ал бот оған жауап береді. Осыған байланысты ақпарат алу жылдамдығы бірнеше есеге артты.

Егер бот жауапты білмеген жағдайда, ол пайдаланушыны операторға қосады. Жасанды интеллект мүмкіндіктерімен нығайтылып жаңартылған бот жұмысының бірегейлігі - ол пайдаланушылармен диалог барысында жетілдіріліп, ақылды бола түседі. Бұл жүйеге нақты және айқын жауаптар беруге мүмкіндік береді, ол пайдаланушының сұранысына сәйкес келеді. Айта кету керек, әр ашылған сайын бот ыңғайлы бола түседі, оны жаңа құзыреттермен қамтамасыз ете отырып, қайта оқып шығуға және бағыттауға болады.

ҚР ДСМ ҚДСҰО директоры Дамир Көбжасаров пандемия және карантин аяқталады, ал бот ҚР азаматтарына септігін тигізе алатын мәселелер әлі де біраз уақыт сақталады деп есептейді. Коммуникацияның қарқынды және ыңғайлы арнасы - бұл ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жұмысының өзекті мәселелері бойынша құзыретті кері байланысты дамытуға және қамтамасыз етуге қабілетті ұзақ мерзімді құралдарға салу.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны