19.06.2018, 13:17 5631

Темекі баламаларына тыйым салудыӊ астарында не жатыр?

Конференция "Никотин туралы түсінікті өзгерту" тақырыбына арналды. Конференцияда халықты ғылыми дәлелденген, никотинді тұтынудыӊ зияны төмен баламалары туралы белсенді ақпараттандыру арқылы, зиянды барынша төмендету туралы жалпыға бірдей пікір айтылды. Бұл ретте "Миллиардтаған өмірге қауіп" фильмі, соныӊ тамаша дәлелі болып табылады", - деп атап өтті Бақыт Түменова.

Алматы. 19 маусым. Kazakhstan Today - 2018 жылғы 18 маусымда "Аман-саулық" қоғамдық қоры режиссер Аарон Биберттіӊ "Миллиардтаған өмірлерге қауіп" ("Миллиард жизней") атты темекі шегуді төмендету мәселелеріне арналған деректі фильмініӊ баспасөз-көрсетілімін өткізді. Бұл темекі бизнесі және вейпинг жасаған төӊкеріс туралы фильм.

Баспасөз-көрсетілім шеӊберінде "Аман-саулық" ҚҚ президенті Бақыт Түменова мен "PROFI-T" бәсекеге қабілеттілікті тиімді басқару және дамыту жөніндегі халықаралық агенттігініӊ президенті Гүлнар Құрбанбаева темекі шегумен байланысты өлім және ауру көрсеткіштерініӊ бақылаудан шығып бара жатқындығын атап өтті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымыныӊ болжауынша, 21-ші ғасырда миллиард адам темекі шегудіӊ құрбаны болады және таяу арадағы 20 жылда әлемде тағы жарты миллиард жаӊа шылымқор пайда болмақ.

"Мен Варшавада өткен никотин технологиясы бойынша халықаралық симпозиумнан оралдым, онда темекі шегуді төмендету мәселелері талқыланды. Конференция "Никотин туралы түсінікті өзгерту" тақырыбына арналды. Конференцияда халықты ғылыми дәлелденген, никотинді тұтынудыӊ зияны төмен баламалары туралы белсенді ақпараттандыру арқылы, зиянды барынша төмендету туралы жалпыға бірдей пікір айтылды. Бұл ретте "Миллиардтаған өмірге қауіп" фильмі, соныӊ тамаша дәлелі болып табылады", - деп атап өтті Бақыт Түменова.

Фильмде келтірілген кейбір деректерге тоқтала кетсек, темекі индустриясы жылына 6 триллионнан астам темекі өндіреді екен. Бұл Жерден Марсқа дейін және кері бағытта тізбек түзуге жетеді. Есептеулерге сәйкес, келесі жиырма жылда шылымқорлар саны 1,6 млрд адамнан асады. Бұл - бүтін бір Үндістан тұрғындарыныӊ санына теӊ көрсеткіш.

АҚШ-та 1981 жылдан бастап 8 жыл бойы "Winston Man" атанып жарнама беттерінде жұлдызға айналып, барлығы 42 жарнамаға түскен David Goerlitz, ағасы өкпеніӊ қатерлі ісігіне шалдығып қаза тапқанда, өзіне жыл сайын 100 000 доллар пайда әкеліп тұрған көзден кері айналып, темекі шегуден және оны жарнамалаудан бас тартқанын, керісінше, оған қарсы жарнамаға ден қойғанын баяндайды. Ол темекі өндіруші алып компаниялардыӊ басшыларынан "өздеріӊ неге темекі шекпейсіӊдер" деп сұрағанда: "біз мұндай боқтық дүниені шекпейміз. Біз оны тек сатамыз. Оны тарту құқығы жастардыӊ, қаралардыӊ, кедейлердіӊ және ақымақтардыӊ еншісінде қалсын",- деп тура жауап берген.

Фильм авторлары электрондық сигареттер тәрізді, сигареттердіӊ әлеуетті түрде зияны төмендеу баламаларына бірқатар елдерде тыйым салыну немесе қатты шектеу қойылу жағдайына алып келген оқиғаны қарастырады.

Шындық іздеу жолында фильмді шығарушылар дәрігерлерге, ғалымдарға, технологтарға және қоғам қайраткерлеріне темекі шегу проблемалары және осы зиянды әдетпен күрестіӊ заманауи әдістері туралы сұрақтар қоя отырып, әлемніӊ төрт бұрышында болып қайтқан. Фильмде темекі шегуден бастап, электронды сигареттерді тұтынушылардыӊ нақты мысалдарына дейінгі эволюция, сондай-ақ олардыӊ темекі шегуді тоқтату бойынша тәжірибесі, сонымен қатар бизнес мүдделер үшін астыртын күрес көрсетіледі.

Осыдан он үш жыл бұрын қытай ғалымы, өзі шылымқор Хон Лик бу технологиясын ойлап тапты, ол темекіқұмарларға зияны төмен, темекі тастаудыӊ қолжетімді және тиімді тәсілін ұсына отырып, электрондық сигареттіӊ негізін қалады. Деректі фильмде бүкіл әлемдегі денсаулық сақтау мамандарыныӊ бұл технологияны темекі шегумен салыстырғанда 95%-ға қауіпсіз ғана емес, сонымен қатар темекі тастауды қалайтын адамдарға көмек көрсетуде өте тиімді деп есептейтіндігі туралы айтылады. Денсаулық сақтау мамандары өкпе қатерлі ісігіне никотин емес, заманауи сигареттердегі шайырлар мен 4000 химиялық заттар себепкер деп есептейді.

Фильмде мүдделер қайшылығы және үкіметтердіӊ, ірі фармацевтикалық компаниялар және темекіге қарсы ұйымдар өкілдері арасындағы сыбайлас жемқорлық мәселелері қарастырылады.

20 ғасырдыӊ 60-шы жылдары темекініӊ зияны дәлелдене бастағанда оған қарсы ауқымды қозғалыс басталып, АҚШ-тыӊ барлық штаттарында сот үдерістері белеӊ алған. Осы уақытта темекі индустриясы пара беріп құтылу үшін, не болмаса, тіпті зерттеулер кері бағытта өрбімеуі үшін зерттеулерге гранттар бөле бастаған. Бүкіл дүниежүзінде осылайша темекі индустриясы қаржыландырған зерттеуші топтар пайда болады.

Қазіргі күні темекі индустриясы жылына жарты триллион доллар пайда табады екен. Мұндай пайданыӊ бір бөлігінен салық арқылы үлес иемденетін үкіметтер одан қайдан бас тартсын? Фильмде айтылғандай, 2010 жылы АҚШ-та одан түскен салықтық табыс 15,5 млрд долларды құраған. Ал кейбір мемлекеттер темекі өндіруші компанияларды өздері басқарады. "Іс жүзінде Қытай үкіметі еӊ ірі темекі компаниясы болып табылады. Илемде ірі темекі компанияларына иелік ететін тағы 14 мемлекет бар",- дейді фильм авторы.

А. Биберт доктор Дерек Яч (Dr Derek Yach), Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымыныӊ бұрынғы атқарушы директоры және доктор Делон Хьюман (Dr Delon Human), Дүниежүзілік Медицина Қауымдастығыныӊ бұрынғы президенті тәрізді аса жоғары лауазымды тұлғалардан сұхбат алған, олар электрондық сигареттердіӊ көмегімен өмірді сақтауға, темекі тастауға мүмкіндік бар екені туралы ашық айтады.

Илемде осылайша 2009 жылдан бастап электрондық сигареттер мен вейпинг белеӊ алып, АҚШ үкіметініӊ темекі салығынан табатын пайдасы 14 млрд долларға дейін төмендегенде, оған қарсы үш жақты қозғалыс етек алған. Темекі алыптары мен үкіметтер ғана емес, бұл күреске алып фармацевтикалық компаниялар да біріккен. Өйткені, Бигфарм атауына ие болған алып фармкомпаниялар жылына 6 млрд доллар пайда әкелетін "никотин алмастыру терапиясы" атты өз бизнестерін қорғауға кірісті. Олар никотинді сағыздар, мұз кәмпиттер, жапсырма пластырьлар мен басқа да медикаменттерін жарнамалауға дәрігерлерді, медициналық ұйымдарды салады.

"Фармацевтикалық компаниялар дәрігердіӊ қолындағы үлкен құзырды, әрине, біледі. Олар адамдарға арналған жарнамаға 4 млрд долларға жуық қаржы жұмсаса, дәрігерлерге арналған жарнамаға 24 млрд доллар жұмсайды",- дейді фильмдегі сарапшылар. Бірақ медицина қызметкерлері адамныӊ денсаулығы үшін шынайы жанашырлық танытатын болса, дұрыс ақпарат беруге тиіс деп пайымдайды фильм авторы.

Қазіргі жағдаймен, әлемде 20 мемлекет электрондық сигареттерге тыйым салған. Олардыӊ арасында Австралия, Сингапур, Малайзия, Индонезия бар. Гонконгте мұндай сигарет шеккені үшін айыппұл 12 мыӊ долларды, ал Брунейде 10 мыӊ долларды құрайды екен. Сарапшылардыӊ пайымдауынша, вейпинг секілді қатері төмен баламаларға тыйым салу арқылы олар темекі нарығын қорғап отыр.

"Біз фильмді әлемде не болып жатқандығын жеткізу үшін, әлемді ашық ету үшін, байланыста болу үшін және адамдармен өз отбасыныӊ, достарыныӊ және өздерініӊ өмірлерін сақтау тәсілімен бөлісу мүмкіндігін жеткізу үшін жасадық", - дейді Аарон Биберт.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны